Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдарды салу қалай жүріп жатыр

Инфрақұрылым
17.02.2023, 16:58

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылғы қарашада Достық – Мойынты т/ж учаскесінде екінші жолдарды салуға кірісті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысының отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі алға қойған міндеттерін орындау шеңберінде инфрақұрылымдық жобаның маңызы зор. Екінші желі іске қосылғаннан кейін учаскенің өткізу қабілеті 5 есе (тәулігіне 12-ден 60 жұп жүк пойызына дейін) артады.

Бұған дейін атап кетілгендей, жоба оң мультипликативті әсерге ие. 20 жыл ішінде ол Ұлттық қорға 543 млрд теңгені пайызымен қайтарады және бюджетке 4 трлн теңгеден астам салық түсімдерін қамтамасыз етеді. Құрылыс кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды.

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін Балқаш станциясы, Жақсыбұлақ, Үшарал қаласы бойынша үш басқару орталығы іске қосылды. Жарық, Сарықұм, Ортадересин, Шолқызыл, Жақсыбұлақ, Ақтоғай, Үштөбе, Сайқан (Бескөл) станцияларында 8 өндірістік база құрылды. Қазақстандық зауыттармен инертті материалдар, темірбетон шпалдар және басқа да бұйымдарды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды.

Қазіргі уақытта Мойынты - Балқаш учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Көкдамбақ – Сарықұм аралығына жер төсемі төселді. Сонымен қатар 80 км бекіткіштері бар шпалдар жеткізіліп, 62 км рельсті шпал торлары төсеуге дайындалды.

Құрылыс алаңында 125 бірлік арнайы техника және 200 жуық қызметкер жұмыс істейді. Жер төсемін салу және рельс-шпал торын төсеу үшін қосымша 6 төсеу пойызын және 8 хоппер-мөлшерлегішін тарту жоспарлануда.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды