Шымкентке жаңа вокзал салына ма?

Инфрақұрылым
24.02.2023, 09:38
Оқуға 2 мин

Еліміздегі үшінші мегаполиске жаңа теміржол вокзалы салынады деген әңгіменің ұшығы шыққалы талай жыл.

Шымкент теміржол вокзалының күту залында отырып жарты ғасыр бұрын салынған ғимарат ескіріп, бүгінгі жолаушы ағынына тарлық ете бастағанына көз жеткіздік. Әрине, сапарға шыққан жандардың мақсат-мүдделері әртүрлі. Анау тұрған көңілді жастар – қалыңдық пен күйеу, тойдан шыққандары көрініп тұр. Астанаға ұлына, немерелеріне қыдырып бара жатқан ата мен апа даурығып мазаларын алған оларға жақтырмай қарап отыр. Бірақ олардың бәрін «жолаушы» деген ұғым байланыстырады. Тастай темір орындықтарда сырт киімшең суықтан бүрісіп ұйықтап отырғандар да баршылық. Бұрыштағы дәмханадан күйген май мен піскен бәліштің, балықтың иісі шығады.  

Үшінші мегаполис атанған қаланың халқы бүгінде екі миллионнан аспаса, кем емес, жыл сайын көбейіп жатыр. Қала аумағы да ұлғайып, жаңа мөлтек аудандар құрылып жатыр. Облыс орталығының Түркістанға көшуі шырайлы Шымқаланың шырқын бұзбаған, керісінше арттыра түскендей. Көлік саласы бойынша ең негізгі күш теміржолға түседі. Ары-бері өтетін, транзиттік пойыздардың тоқтамайтыны жоқ, сондықтан ұшаққа қарағанда бағасы арзан барлық жағынан қолжетімді пойызбен сапарлайтын жолаушы мұнда да көп. Іргедегі Сарыағаш курортына ағылып жатқан елдің де алдымен табан тірейтіні – Шымкент. Ал осыдан жарты ғасыр бұрын салынған Шымкент вокзалы күрт өсіп отырған жолаушы ағынына әупірімдеп қызмет көрсетіп отырған жайы бар. Бірінші қабатта билет кассалары орналасса, күту залы екінші қабатта, күн жылыда халық онда кірмейді, даладағы орындықтарда отырып пойыз күтеді.  

Үлкен қалалардың бәрінде екі теміржол вокзалы бар, тағы бір вокзал Шымкентке де артық болмасы анық. Белгілі болғандай, қаланың бас жоспарында болашақта Шымкентте де жаңа вокзал салынуы жоспарда бар көрінеді. Дегенмен, бұл ескі вокзал қолданыстан шығады деген сөз емес. Сенімді басқару арқылы инвестиция тартылып, құрылымдық өзгерістер жасалып, күрделі жөндеуден өткізіліп, жолаушы айналымы 2 мыңнан 6 мың адамға дейін жеткізілуі көзделіп отыр екен. Демек, талай жыл жолаушы халыққа қызмет көрсете бермек.  

Сәбира Байзақова, Шымкент

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды