Атырау теміржол нысандарын жылумен қамтуда кедергі жоқ

Инфрақұрылым
30.11.2023, 11:41
Оқуға 4 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Синоптиктер биылғы қыс жылы болады деп болжам жасағанмен  теміржол нысандарында жылу беру маусымы белгіленген уақытта басталды. «Ақтөбетеміржолсу» ЖШС Атырау бөлімшесінің бастығы Аралбай Қосымбаевтың айтуынша, өңір темір жолына қарасты барлық нысандарды жылумен қамтуда кедергі жоқ, бәріне де жылу үздіксіз беріліп отыр.

Бұрын мазутпен жылытылатын қазандар қатып қалып, үлкен қиындықтар, пәлендей проблемалар тудыратын. Облысқа көгілдір отын – газ желісі тартылып, халық игілігіне ұсынылғаннан бері осы игі істің қызығынан теміржолшылар да көріп келеді. Бүгінде мекеме Атырау облысының теміржол нысандарын жылумен қамтуды жүзеге асырып отыр. Атырауда ірілі-ұсақты оннан астам жылу қазаны қала басындағы ЭЧ, ШЧ, ПЧ, ВЧД мекемелерін, станциялар, әкімшілік ғимараттарды, Құлсары мен Сағызда 4 қазан болат жол бойындағы барлық  объектілерді жылытып отыр, басқа аудандарда да солай. Ганюшкинода әкімшілік балансындағы теміржол нысандарын да аталған мекеме сенімгерлік басқаруға алып, теміржолшылардың жағдайын жасап отыр.  

– Биыл қыркүйек айынан бастап оңтайландыру саясатына орай бұрынғы «Атыраутеміржолжылу» мекемесі таратылып, Ақтөбеге қосылдық. Бірақ штат кестесі сақталып, бірде-бір жұмысшы қысқартылған жоқ. Бүгінде мекемеде барлығы 93 адам еңбек етеді, олар жылу беру қазаны операторлары, слесарь, электрик, т.б. мамандық иелері. Ешқандай құрылымнан шағым түскен емес. Алда-жалда қандай да бір ақау табыла қалса, апат бригадасы жедел жетіп, бәрін қалпына қояды, – дейді мекеме басшысы.  

Айтуынша, Атырау өңірінде көгілдір отын желісі тартылғаны көп жеңілдік әкелді. Қазір көптеген станциялар газ желісіне қосылып, жылудың рахатын көріп жүр. Мәселен, Мақат станциясы басындағы механикаландырылған вагон жөндеу кәсіпорнында көмірмен жағылатын жылыту қазандары болатын. Бұған дейін ол қазандар орталықтандырылған әдіспен Мақат басындағы бірнеше ғимаратқа жылу беріп тұрған. Атап айтқанда олар техникалық қарау пункті, механикаландырылған вагон жөндеу кәсіпорны және Атырау вагон пайдалану депосының компрессорлық құрылғыларды қуаттау және орталықтандырылған электр посты ғимараттары. Бұлардың бәрі де Атырау магистральдық желі бөлімшесінің теңгеріміндегі нысандар. Былтырғы жылыту маусымының соңында 1981 салынған көмірмен жағылатын жылыту қазандарының әбден тозып, істен шығуына байланысты жұмысы тоқтатылған. Соған орай бөлімше «ҚТЖ-Жүк тасымалы» басшылығымен бірлесе отырып қаражат көзін қарастырып, жылыту маусымы қарсаңында жылу жүйелеріне жөндеу жүргізіп, аталған ғимараттарды жылытатын 3 дана Тула-3 жеке электр қазандары орнатылыпты.  

– Бұрынғы қара күйе қазандардан құтылып, жаңа электр қазандарының орнатылғаны жақсы болды. Қазіргі уақытта барлық қазандар қалыпты жұмыс жасап тұр. Сол секілді Атырау вагон пайдалану депосының ТО-2 цехында қазандар жөндеуден өткен. Құлсары станциясындағы орталық автоматтандырылған дөңесінің 3-қабатты әкімшілік ғимаратының жылу жүйесі де түгелдей ауыстырылып, жаңадан жүргізілді, – дейді.    

Негізінен Атырау облысында газификация жұмыстары жүз пайыз дерлік аяқталып, барлық мекемелер, көп қабатты және жеке тұрғын үй секторлары көгілдір отынға қосылған. Дегенмен, көгілдір отын жеткізілмеген кейбір станция-разъездер, мысалы Ескене және Доссор мен Сағыз, Жамансор сынды станциялар, барлық шағын бекеттер электр қазандарымен жылытылады. Ал Атырау, Ақжайық станциялары қалалық орталық жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде өңірде теміржол саласында көмір жағатын мекеме жоқ. Рас, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі жолаушылар вагондарын жылыту мақсатында көмір пайдаланады, ал әкімшілік ғимараты газбен жылытылады. «Көмір жеткілікті. Теңгерімдегі барлық вагонға көмірді теңдей бөліп беріп отырмыз, ол жағынан қам жемейміз» дейді телім басшысы Әлмұқан Есқалиев. 439 тонна көмір қоры бар, қалпына келтіру, өрт сөндіру пойыздарында да жетеді.    

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ғимараттарда да жылу жүйелі беріліп жатыр. Өңірде жұмысшылар үшін бұрыннан 10 жылыну қосыны болса, бәрі де электр қазандарымен жылытылады. Биыл Компанияның жұмысшыларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау бағдарламасына сай өңірлерге жылыну пункттерін қайта жасақтау үшін Атырау өңіріне бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, бүгінгі күні Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана контейнер бөлінді. Жалпы алғанда, барлық еңбек орындарында жылу жүйелі беріліп отыр. 158 ғимарат, 18 вокзал мен 44 платформа қысты жақсы дайындықпен қарсы алды.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті