Атырауда жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Инфрақұрылым
26.03.2024, 12:55
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Наурыздың  24-і Атырау жол дистанциясына қарасты Ганюшкино-Атырау учаскесінде, 15-разъезд-Аққыстау станциясы аралығында жолды күрделі жөндеу жұмысы басталды. Бұл – биылғы жылғы алғашқы күрделі жөндеу.

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапасы жақсы болуы шарт. Жасыратыны жоқ, өңірде әлі де болса жаңартатын жолдар бар. Атырау магистральдық желі бойынша жоспар бойынша биыл 70 шақырымдай жол күрделі жөндеуден өтеді.  

– Бүгін жоғарыда аталған учаскеде 6 сағаттық «толаскез» алып, алғашқы шақырымды төсеуді бастадық. Жоспарланған жұмыс көлемі – 1 км 200 метр. Мердігер компания да осал емес, көп жылдардан әріптес болып келе жатқан тәжірибесі мол «Интегра Констракшн» ЖШС, – дейді дистанция бастығы Самат Боздақов. Жалпы, күрделі жөндеу басталар алдында жолшылар арасында малды құрбандыққа шалу дәстүрі бар екен. Соған орай құран оқып, «жолымыз әрқашан жақсы, апатсыз болсын» деп теміржолшылар бір тоқтыны құрбандыққа шалып,   сағат 12:50-де жұмыс басталды.  

Аталған телімде бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Жаңа мен ескінің түйіскен тұсы тазаланып, бұрандалары ағытылған соң кранмен ескі рельс шпалымен қоса қабырғасы қақырата сөгіліп, жерден көтеріліп алынды да, бос вагонға жиналды. Сол сәтті күтіп тұрған тракторлар рельсі алынған жолды жыртып, сосын тегістеп, салмақпен нығыздап, жол жаңа темірбетонды шпалдар төсеуге әзірленді. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да жұмыстар технологиялық талаптарға сай жасалды. Ауыр жүктерді, темірбетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін көтеріп-түсіруге арналған КЖ-562 маркалы кран іске қосылып, жұмыс өнімділігін арттыра түсті. Онымен қатар  ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС, т.б. машиналар да қолданылды. Жарты сағаттың ішінде жүз метр жолдың ескі рельстері түгел алынып, тракторлар ол жерлерді лезде тегістеп жатты. Бәрі дайын болғасын 25 метрлік дайын жаңа рельстер жолға қойылып, талапқа сай орнатыла бастады. Топырағы, шебіні төселген соң жолды нығыздау жұмыстары жүргізілді. Әр жұмыс рет-ретімен шапшаң жасалып жатты, өйткені әрбір минут есепте. 6 сағатта 1200 метр жолды толық жаңартып, пойыз жүруге дайын қылу керек... Жол жұмысына мамандаған жігіттер межелі уақыт үдесінен шыға білді.  Уақытында басталған жұмыс толаскез аясында сәтімен аяқталды. Дәл алты сағаттан соң жол пайдалануға берілді. Жарайсыңдар, жігіттер!

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады