Ақтөбеде айналма жол салына ма?

Инфрақұрылым
24.06.2024, 16:07
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді. Өңірдің Бас жоспарында тоғыз жолдың торабындағы қалаға 40 шақырымдық айналма темір жол салу жобасы бар.  

Қаланың даму жоспарына кірген жаңа темір жол жобасы өңірдегі айналма автожолдың батыс жағынан өтеді деп жобаланған. Сонымен қатар қаланың қоныстану аумағы арқылы өтетін темір жол бойында рельсті жолаушылар көлігі желісінің құрылысы жоспарланған. Жолаушылар рельсті көлігінің жүру жолдары бойында ЖРТ желісіне қызмет көрсету үшін инфрақұрылымдық объектілерді – аялдамалар, тосқауыл қою автотұрақтары, трамвай депосы және т. б ұйымдастыру көзделген. БААҚД – Ақтөбе айналма автожолының бойында салынатын айналма теміржолдың ұзындығы 40,0 км құрайды.  

Сонымен қатар Ақтөбенің бас архитекторлары бекіткен құжатта бұған дейін айтылып жүргендей, Орал қаласына дейін тікелей теміржол тармағын салу ұсынылады. Сонда бүгінгідей Ресей Федерациясының аумағынан, Соль Илецк арқылы өтпей, яғни бөтен елдің территориясы арқылы шекаралық, кедендік тексеру, басқа да кедергілерсіз қатынау мүмкіндігі туады. Болашақ теміржол желісінің батыс бөлігін қолданыстағы республикалық маңызы бар жүрдек автомагистральға параллель төсеу ұсынылады. Ресей шекарасынан тыс Ақтөбе мен Оралды тікелей жалғайтын тармақтың  ұзындығы 10,0 км құрайды.

«Ақтөбе қаласының 2050 жылға даму жоспарында «Мәртөк-Қобда-Шыңғырлау» темір жолын салу туралы айтылады. Бұл жол Ресей темір жолына тәуелді болмау үшін көрші ел шекарасын айналып өтеді. Бұл  «Хромтау-Алтынсарин» темір жолы секілді болады. 256 км болатын темір жол салу жоспарының қай жылғы бюджет қаржысымен жүзеге асатынын қазір тап басып айта алмаймыз», – деді Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айбек Жұмабекұлы.

Ақтөбе қаласы – Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі аса ірі көлік тораптарының бірі. Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін Батыс Қазақстан өңірлерімен, Оралмен, Ресейдің еуропалық бөлігімен және Еуропа елдерімен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол көлік магистральдарының бойында орналасқан. Қаланың Бас жоспарында әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту кезеңдері көрсетілген.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты