Премьер-Министр жоспарланған теміржол желісін салуды уақытылы аяқтауды тапсырды

Инфрақұрылым
19.11.2024, 12:27

2027 жылға дейін Қазақстан 1,3 мың шақырым жаңа теміржол желісін салуды жоспарлап отыр. Олжас Бектенов Президент жүктеген міндеттерді орындау шеңберінде көлік желілерін жаңғырту жобаларын уақтылы іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды.  

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Премьер-Министрге перспективалы инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады. 2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа темір жол желісін салу, ал 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның 2,8 мың шақырымында жұмыстар аяқталды.  

Бұдан басқа, рекордтық қамтуы 12 мың шақырымды құрайтын жолдар салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, оның 7 мыңы биыл аяқталады. Автокөлік тасымалдарының тиімділігін арттыру үшін 2029 жылға дейін ЕАЭО ішкі шекарасындағы 36 өткізу бекетін жаңғырту жоспарланып отыр.  

Көлік министрлігінің мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде темір жол тасымалы бойынша экспорт 130 млн тоннаға дейін жеткізіледі, импорт пен транзит көлемі тиісінше 60% және 65%-ға артады. Автокөлік тасымалдары бойынша экспорт пен импорт 2 есеге, транзит 6 есеге артады деп күтілуде.

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне жоспарланған барлық жобаның уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы