Атырауда жетпіс шақырым жол жаңартылды

Инфрақұрылым
29.11.2024, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желісі бойынша биылғы жылы 69,642 шақырым теміржолды күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінде аймақта күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, жоспарланған жол телімдері түгел жаңарды.

Таратып айтсақ, «Интегра Констракшн» ЖШС мердігер компаниясы рзд 15 – станция Аққыстау – рзд Бақсай аралығында жоспарға сай 19,678 км, Жамансор станциясы – рзд 377 – Мақат станциясы аралығында – 22,7 км, Мұқыр станциясы – Жантерек станциясы – рзд Кенбай аралығында 22,2 км теміржолға күрделі жөндеу жүргізді.  

«Аталған телімдердегі бұрынғы тозған ағаш шпалдар түгел алынды. Әуелі жаңа мен ескінің түйіскен тұсы тазаланып, бұрандалары ағытылды. Тракторлар рельсі алынған жолды жыртып, сосын тегістеп, салмақпен нығыздап, жолды жаңа темірбетонды шпалдар төсеуге әзірледі. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да жұмыстар технологиялық талаптарға сай жасалды», – дейді Атырау жол дистанциясының бастығы Самат Боздақов.  

Құрылыс барысында ауыр жүктерді көтеріп-түсіруге КЖ-562 маркалы кран пайдаланылып, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС, т.б. машиналар да қолданылған. Жол сапасының жақсаруы алдағы уақытта жолаушылар пойызының жылдамдығын 60км/сағ-120км/ сағатқа, жүк пойызының жылдамдығын 50 км/сағаттан 100км/сағатқа көтеруге ықпал етеді. Ал Тальго жүрдек пойызы сағатына 140 шақырыммен зулайтын болады.  

Өткен он айда Атырау жол дистанциясы бойынша күшейтілген орташа жөндеу мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілген. Ганюшкино, Туманный, Махамбет, Атырау, Мақат, Сағыз, Жамансор станцияларындағы аралық жолдар, барлығы 16,543 км теміржол орташа жөндеуден өтті. Биылға 33 жиынтық бағыттамалы бұрма салу жоспарланып, қазіргі уақытта 25 темірбетонды бағыттамалы бұрма Мақат, Теңдік, Аққыстау, Ганюшкино, Сағыз, Таскескен станциялары мен бірқатар разъездерге салынып, Ақжайық, Мақат, Ганюшкино, Аққыстау, Атырау станцияларында 19 ескі бұрмалар жаңасына ауыстырылған. Ал 11,965 км жол Р65 типті рельске ауыстырылған.  

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті