Биыл 1,5 мың шақырым жол сауықтырылады

Инфрақұрылым
04.03.2025, 08:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол тасымалына деген сұраныстың артуы қазіргі инфрақұрылымды одан әрі жаңғыртуды талап етуде. Ал теміржол желісінің өткізу қабілетін дамыту пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, олардың жылдамдығын ұлғайтуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және салаға заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Осы мақсатта бүгін ұлттық компанияда тиісті жоспарлар қабылданып, іске асырылуда, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл еліміз бойынша 1480 км жол сауықтырылып, соның ішінде 512 км жолға күрделі жөндеу жүргізілмек. Жөндеу жұмыстары көбінесе пойыздардың қозғалысы қарқынды негізгі теміржол учаскелерінде жүргізілетін болады. Көктемнің келуімен наурыз айында Бейнеу – Маңғыстау, Жамбыл – Түлкібас, Шу – Алматы және Мақат – Ақсарай учаскелерінде жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмысты бастау үшін барлық учаскелер жолдың жоғарғы құрылымының материалдарымен, атап айтқанда қиыршық тас, бекітпесі бар шпалдар және т.б. қамтамасыз етілуде. Атап өтерлігі, жұмыстардың басым бөлігі жол дистанцияларының өз күштерімен, яғни шаруашылық тәсілмен жүргізіледі. Осыған ұқсас жұмысты мердігерлік ұйымдар компаниямен жасасқан келісімшарттар шеңберінде өткізетін болады.  

«Біз жолдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемін мүмкіндігімізше жылдан жылға арттырып келеміз. Былтыр жоспар бойынша 1401 км жол жөнделуі тиіс болса, нақты орындалған жұмыс көлемі 1430 шақырымды құрап, меже 102%-дан асып жығылды, соның ішінде 570 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Мобильдік-диагностикалық кешендердің бағамына сүйенсек, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары мен ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер кешенінде жолдың жағдайы жақсарды. Яғни жолдың балдық бағасы 3%-ға жақсарып, 3 және 4 дәрежелі ақаулар 19%-ға, қанағаттанарлықсыз километрлер 9% және қозғалыс үшін жолды жабу 22%-ға төмендеді. Сондай-ақ «Тальго» вагондары бар жолаушылар пойыздары үшін қозғалыс жылдамдығы тиісінше 413 км-ге, жолаушылар пойыздары – 605 км, жүк және контейнерлік пойыздар үшін тиісінше 406 және 507 шақырымдарға артты», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарына сәйкес инфрақұрылымның бірқатар «тар жерлерін» жаңғырту жоспарлануда екен. Жоспар теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерінде басшылық құжат болып, оған сәйкес Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың, Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісінің, сондай-ақ Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз теміржол желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бұл жобалар шекара маңындағы учаскелерде инфрақұрылым қуатын арттыруға бағытталған. Мәселен, 2024 жыл транзиттік және экспорттық жүктерді тасымалдау көлемінің ұлғаюының орасан зор әлеуеті бар екенін көрсетті, атап айтқанда 2020 жылғы 287 375 мың тоннадан 2024 жылы 303 201 мың тоннаға дейін немесе 106%-ға дейін өсу байқалады.  

«Теміржол инфрақұрылымын дамытудың озық қарқынын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық инфрақұрылымдық шектеулері бар және Теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін дамыту бойынша тиісті бағдарлама әзірленді. Биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті айтқан көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндетке сәйкес, Достық станциясынан басталатын және Орталық Қазақстан арқылы Ақтау теңіз портына дейін өтетін трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытудың мегажобасын іске асыру жөнінде шаралар қабылданатын болады», – дейді дирекция басшысы.  

Осы жылдың көктемінде Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы басталады деп күтілуде. Бұл құрылыс маршрут бойынша тарифтік қашықтықты 100 шақырымнан астам жолға қысқартуға мүмкіндік береді. Өткізу қабілетін арттырумен қатар, бұл Достық станциясынан Ақтау портына және салынып жатқан басқа да көлік хабтарына дейінгі инновациялық екі деңгейлі контейнерлік пойыздардың іске қосылуын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар Достық – Ақтоғай учаскесінде, атап айтқанда Көктұма – Разъезд 19 учаскесінде жел жүктемесіне байланысты маусымдық шығындарды алып тастау үшін жапондық компаниямен бірлесіп үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін оңтайлы инновациялық жобалық шешімдер зерттелуде.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты