Атырау облысында тоғыз вокзал жөнделеді

Инфрақұрылым
23.04.2025, 14:32
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің Көлік министрлігінің ұйғарымы бойынша биыл елімізде жалпы саны 125 теміржол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ол тізімге Атырау облысы бойынша тоғыз вокзал кіріп отыр.    

Атап айтқанда, жаңғырту жұмыстары Атырау, Ганюшкино, Аққыстау, Доссор, Мақат, Сағыз, Жамансор, Мұқыр және Исатай вокзалдарында жүргізілмек. Тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ал Бас мердігер – «Батысальянсстрой» ЖШС. Жөндеу жұмыстарының басталуы сәуір айы, аяқталуы желтоқсан айы деп белгіленген.  

Өткен аптада вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімшілігі мен  Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары қатысты.

– Қайта жаңғырту барысында ішкі жұмыстар, инженерлік жүйелерді ауыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қолжетімділігін, еркін қозғалысын қамтамасыз ету, атап айтқанда көтеру құрылғыларын орнату, арнайы бөлме, демалу бөлмелерін ұйымдастыру, халыққа қызмет көрсетуге және жақсартуға бағытталған құралдармен жабдықтау, сыртқы жұмыстар, жылу жүйелері мен ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту, жолаушылар платформаларын жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру, сыртқы жұмыстар бойынша ғимараттың сыртын, қасбетін, шатырын, баспалдақтарды, жолаушылар платформасын жөндеу, айналаны абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Аралбай Қосымбаев.  

Айта кетерлігі, жоба ҚР Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және облыстық әкімдікпен бірлесе жүзеге асырылады. Былтыр қала әкімдігі қаланың кіреберіс қақпасы саналатын вокзалдың алдыңғы аумағына брусчатка тас төсеп, кеңейтіп, жас шыршалар отырғызып, абаттандырған болатын.  

Вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышевтың айтуынша, жөндеу жасалатын вокзалдардың ең үлкені – Атырау вокзалы. 1-класты Атырау теміржол вокзалы 1972 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы 3744,8 шаршы метр. Ғимарат тәулігіне 500 жолаушыға арналып салынған. Қазіргі уақытта тәуліктік жолаушы саны 1308 адам. Ғимарат 3 қызметтік және 1 техникалық қабаттан тұрады. Ғимаратпен қоса жалпы ұзындығы 473 метр болатын биік жолаушылар платформасы бар. Соңғы күрделі жөндеуден 2014-2015 жылдары өткен. Атырау вокзалы арқылы бүгінгі күнде 14 жолаушылар пойызы қатынайды. Перронның ескілігінен қазіргі уақытта вокзал 1-ші жолға жолаушы қабылдамайды, өйткені перронның кей жері мүжіліп, апатты жағдайда тұр. Сол себепті жолаушыларды 2-ші, 3-ші, тіпті 4-ші жолдарда қабылдау орын алып отыр. Жөндеу кезінде осы олқылықтар жөнге келтірілумен қатар Атырау вокзалын кеңейту де қолға алынады деп күтілуде. Сондай-ақ Доссор мен Сағыз вокзалдарын жаңадан қайта салу жоспары да бар. «Жөндеу жұмыстарының жасалуына қарамастан барлық вокзалдар қалыпты режимде жұмыстарын жүргізе береді, яғни жолаушыларға тәулік бойына қызмет етеді» дейді бөлім басшысы.  

Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Жаңалықтар
13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Әлемде
13.05.2026
Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды
Аймақтар
13.05.2026
Ардагерден бата алды
Жүк тасымалы / Инфографика
13.05.2026
2026 жылдың алғашқы төрт айында ҚТЖ желісінде 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
13.05.2026
ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді