Астана станциясында Кinetix вагондарды диагностикалаудың ақылды жүйесі сынақтан өтуде

Инфрақұрылым
04.01.2026, 15:25
Оқуға 2 мин

Астана станциясында пилоттық режимде KinetiX жылжымалы құрамды техникалық бақылаудың инновациялық жүйесі енгізілуде. Жүйе қазірдің өзінде орнатылған және 2026 жылдың бірінші тоқсанында толығымен іске қосылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин және «ҚТЖ» ҰК» - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалының директоры Владимир Петров  Қырқыншы станциясына барып, жүйенің жұмысын бағалады.

Бұл технология вагондардың тораптары мен бөлшектерін диагностикалаудың дәлдігін арттырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатын жылжымалы құрамды жөндеу мерзімдері мен көлемін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

KinetiX жүйесі вагондарды қозғалыста автоматты түрде сканерлейді және пойыздарды тоқтатпай ақауларды анықтайды. Ол үшін камералар, 3D сканерлеу технологиялары, инфрақызыл, акустикалық және діріл датчиктері және жасанды интеллект алгоритмдері қолданылады.

Кешен арбаларды, тежегіш жабдықтарын, доңғалақ жұптарын, осьтік мойынтіректерді және автотіркегіштерді басқаруға арналған бірнеше ішкі жүйелерді қамтиды. Барлық анықталған ақаулар автоматты түрде мамандардың жұмыс орындарына жіберіледі, бұл жедел әрекет етуге және жөндеуді тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

KinetiX-ті енгізу қызметкерлерге жүктемені азайтып, вагондарды тексеру уақытын қысқартады және теміржолдың өткізу қабілетін арттырады. Алдағы уақытта жүйені еліміздің тағы алты өңірінде орнату және ҚТЖ-ның басқа цифрлық платформаларымен интеграциялау жоспарлануда.

Kinetix жүйесі қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша 400 астам нысандарда сәтті жұмыс істеуде, бұл әртүрлі климаттық жағдайларда технологияның сенімділігі мен тиімділігін растайды.

ҚТЖ үшін КinetiХ жобасы интеллектуалды темір жолды қалыптастыру, тасымалдау процесінің қауіпсіздік деңгейі мен технологиялық тұрақтылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды