Талғат Алдыбергенов Алматы-1 вокзалын жаңғырту барысын тексерді

Инфрақұрылым
22.01.2026, 08:38
Оқуға 2 мин

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын қайта құру мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Осы бағдарламаның негізгі нысандарының бірі Алматы – 1 теміржол вокзалы, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларды орындау аясында бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов қазіргі уақытта жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Алматы – 1 теміржол вокзалына барды.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы объектінің ағымдағы жай-күйімен танысып, орындалып жатқан жұмыстардың барысын және вокзал инфрақұрылымының негізгі элементтерінің дайындық дәрежесін бағалады. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша Талғат Алдыбергенов жөндеу және құрылыс іс-шараларын жүргізуге жауапты мердігер ұйымдар тарапынан жұмыстардың нашар ұйымдастырылғанын атап өтті. Жұмыстың ағымдағы қарқыны мен сапасы белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес келмейтіні алға тартылды. 

«Анықталған кемшіліктерге байланысты Басқарма Төрағасы Алматы – 1 вокзалындағы жұмысты күшейтуді және жандандыруды, мердігерлердің қосымша ресурстарын жұмылдыруды, мерзімдер мен сапа стандарттарының сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ жобаны іске асыруды ерекше бақылауға алуды тапсырды», - делінген хабарламада. 

Құрылыс алаңындағы қауіпсіздік, мердігерлік ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру және жұмыс жүргізу кезеңінде жолаушылар үшін қолайсыздықты азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

  Алматы – 1 вокзалын реконструкциялау жолаушылар аймақтарын жаңартуды, инженерлік жүйелерді жаңғыртуды, ғимараттың энергия тиімділігін арттыруды, заманауи навигациялық жабдықтарды енгізуді және тұрғындардың мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімділік жағдайларын жақсартуды көздейді. 

Жобаны іске асыру сервис деңгейін арттыруға, жолаушылар үшін қолайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ қаланың және тұтастай елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды