Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту

Инфрақұрылым
10.03.2026, 10:19
Оқуға 1 мин

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан –барлығы үшін және әрқайсысы үшін»бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің теміржол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2023-2029 жылдарға 11 мың шақырым темір жолды жаңарту жоспарланған. Бұл бағдарламаны іске асыру пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін көтеруге, магистральдық желінің өткізу қабілетін арттыруға және көлік саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіш 4 214 километр болған кезде 4 448 шақырым жол жөнделді. Осылайша, жоспар 234 шақырымға асыра орындалды, бұл бағдарламаны іске асырудың тұрақты динамикасын көрсетеді.

2026 жылы 1577 шақырым темір жолды жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өндірістік бағдарламасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде бастау алды. Барлық дайындық іс-шаралары белгіленген мерзімде орындалды, бұл жол жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын дәйекті іске асыру Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін нығайтуда және заманауи, сенімді әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды