ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді

Инфрақұрылым
20.07.2026, 12:58
Оқуға 1 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысын жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда нысанда 57 км негізгі және станциялық жолдар төселген. Құрылысқа 1200 астам маман жұмылдырылса, олардың көпшілігі Түркістан облысының тұрғындары. Жұмыстар 800 бірліктен астам арнайы техниканы пайдалана отырып жүргізілуде.

Сонымен қатар Мақтаарал шекара маңы станциясының құрылысы жалғасуда. Мұнда шекара және кеден қызметтерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы үшін қажетті инфрақұрылым құрылады.

ҚТЖ кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Компания филиалдары басшыларына Мақтаарал, Сарыағаш және Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен және жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп теміржол инфрақұрылымы объектілерінде одан әрі жұмыс істеу үшін жергілікті тұрғындарды оқыту мен жұмысқа орналастыруды жандандыру тапсырылды.

Жаңа желі іске қосылғаннан кейін 400 жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.

Жаңа теміржол желісі Мақтаарал және Жетісай аудандарының ҚТЖ негізгі желісімен тікелей байланысын қамтамасыз етеді. Бұл Сарыағаш шекара станциясына жүктемені шамамен 40% төмендетуге, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің тиімділігін арттыруға және Қазақстанның оңтүстігіндегі экономиканы, бизнесті және логистиканы дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды