«ҚТЖ» ҰК» АҚ отандық өнім өндірушілерге иек артады

Инфрақұрылым
31.01.2020, 10:48

Жергілікті локализация: отандық өнімдерді қолдауға жасалған қадам

Кеңес аясында компания басшылары қазақстандық тауар өндіруші кәсіпорын өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастырды. Кездесулер барысында бірінші «Alageum Electric» АҚ жұмысы таныстырылды. Компаниямен арадағы ынтымақтастық мәселесі сөз болды.

Әсіресе, талап етілетін қуаттылыққа сай трансформатор дайындау мерзімі, 6-10кВ трансформаторларына ұзақмерзімді келісімшарт жасау мүмкіндігі, жоғары вольтты жабдықтар мен трансформаторлық өнімдер өндірісі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндіктері қарастырылды.

Анықтама ретінде айта кетер болсақ, Қазақстан теміржолында Магистральдық желі дирекциясының тартымдық кіші станциялық жабдықтарының элементтеріне сұранысы 2024 жылға дейін 1100-ден астам бірлікті құрамақ. Барлығы 19 тартым трансформаторы мен басқару және қорғаныш блоктары бар 16 трансформатор ауыстыруды қажет етеді. Ал 18 сондай жабдық күрделі жөнделуі керек.

Осы орайда «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрмахан Әбдірахманов қарқынды дамып келе жатқан ірі электр техникалық компаниялары туралы толық ақпарат берді. Орталық Азия бойынша ең ірі трансформатор жабдықтарын өндіруші бұл компаниямен ҚТЖның бірнеше бағдарламалары бойынша бірлескен жұмыстарды ұлғайтуға шешім қабылданды.

Бұл электр техникалық номенклатураны кеңейтіп, тартымдық кіші станциялар үшін жоғары вольтты импорттық жабдықтардан толықтай бас тартуға мүмкіндік береді. Жалпы тартымдық кіші станциялардың басты қызметі – тартымдық және тартымдық емес тұтыну көздерін сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда компанияда 75 тартымдық ішкі станция қолданыста.

Осы құраммен келесі жұмыс кездесуі «Проммашкомплект» ЖШС өкілдерімен өткізілді. Кәсіпорынның тұтас таптамалы доңғалақтар өндірісін игеру туралы таныстырылымынан соң ЛҚЗ және ЭҚЗ локомотив өндірісіне аталған дөңгелектерді жасау мүмкіндіктері және жылжымалы құрам үшін сондай дөңгелектер мен бандаждар дайындау мәселесі қарастырылды.

Сонымен қатар тараптар осы кездесу кезінде «ЛҚЗ» АҚ тепловоздары және «ЭҚЗ» АҚ үшін дөңгелек өндіру және орнату бойынша талаптар, жылжымалы құрамға оларды жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қою шарттары туралы талқылады. Бұл кездесуге аталған «Проммашкомплект» ЖШС басшыларымен қатар темір жол тарапынан «Жолаушылар тасымалы», «Қазтеміртранс», «ҚТЖЖүк тасымалы», «Вагонсервис» АҚ және «ЛҚЗ», «ЭҚЗ», «Қамқор Локомотив», «Темір транссервис» серіктестері өкілдері қатысты. Аталған кәсіпорынмен ынтымақтастық мәселесі ҚТЖ тарапынан қолдау тапты.

Одан әрі кездесу «Алматы ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ, «Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ және «Format Mach Company» ЖШС жұмысына қатысты жалғасын тапты. Аталған кәсіпорындармен магистральдық және маневрлік локомотивтер үшін құйма өнімдер, резервуарлар жасау мен жеткізу бойынша ынтымақтастық мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар «Format Mach Company» ЖШС-нің Электровоз құрастыру зауыты үшін автотізбек құрылғыларын дайындау бойынша мүмкіндіктері сөз етілді. Ал «Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ-мен Орталық аппарат арасында кіші механизация және стационарлық механикалық рельсмайлағыш әзірлеу жайында ынтымақтастық мәселесі көтеріліп, келесі күні аталған кәсіпорынмен ұлттық компания арасындағы бірлескен жұмыстар кең ауқымда жалғасын табатын болып шешілді. Сонымен қатар «Format mach company» компаниясымен де жұмыс жалғаса беретін болды.

– Құйма өндірісі импортқа тәуелді екені айтылды. Автотізбек, вагон арбашаларына қатысты бөлшектердің бәрі құймамен байланысты. Біздің кәсіпорын сол іспен айналыса аламыз, соған міндеттіміз. Сөйтіп оны ҚТЖ-ға ұсынуымыз керек. Оған біздің технологиялық мүмкіндіктеріміз жетеді. Сол бағытта жұмысты қолға алып, жандандыруға тырысамыз. Міне, бүгін ҚТЖ сұранысын білгеннен кейін өз өндірістік бағытымызды соған қарай бейімдемекпіз. Сапа жағынан тапсырыс берушілердің талаптарынан шығуға жұмыстанамыз. Біз бұған дейін де темір жолға өнімдер дайындап беріп жүргенбіз. Бірақ арада біраз үзіліс болып, ол тоқтап қалды, импортқа ауысты. Енді қазір импорт тоқтаған кезде біз өз мүмкіндіктерімізді көрсетіп, отандық өнімдерді дамытуға үлес қоспақпыз, – деді «Алматы ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ бас директоры Жетпісбай Едігенов.

«BS Prom» ЖШС өкілдерімен кездесуде кәсіпорын өнімі туралы ақпарат берілген соң, «ЛҚЗ» АҚ-ның композитті материалдардан жасалған санитарлықтехникалық жабдықтар мен өнімдерге сұранысы туралы айтылды. Сондай материалдардан жасалған санитарлық-техникалық жабдықтар мен электровоздардың сыртқы қаптамасын дайындау мәселелері бойынша «ЭҚЗ» АҚмен ынтымақтастық мүмкіндігі тілге тиек етілді.

Сонымен қатар «Тұлпар» вагон құрастыру зауытымен энергия үнемдейтін әйнек пен резеңке нығыздауышпен шыңдалған алюминий рамадан жасалған жолаушылар вагондарына терезе блоктарын дайындау мәселелері туралы ынтымақтастықтың мүмкіндігі қаралып, нәтижесінде «BS Prom», INDUSTRIAL COMPANY ZO кәсіпорындарымен бірге жасайтын жұмыстар бағыты анықталды.

«С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ өкілдерімен кездесудің күн тәртібінде «ҚТЖ» компаниясы қажеттіліктері үшін аталған кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері қандай деген тақырып көтерілді. Сонымен бірге локомотивтік қауіпсіздік жүйелерін жергіліктендіру туралы айтты. Кәсіпорын алдына Қазақстан темір жолдарында қолданылатын мульти диапазонды радиостанцияларды жасау бойынша міндеттер қойылды. «Kazcentrelektroprovod» ЖШС мамандары теміржолға қажетті автоматика және телемеханика саласында жобаларымен таныстырды. Электрлік орталықтандыру қосыны (ЭЦ) бойынша УЭП-У қоректендіргіш панелін енгізу, пайдалануға шығынды оңтайландыру үшін шалғай нысандардағы (темір жол өткелдері) «кесте бойынша» қызмет көрсетуден «жағдай бойынша» қызмет көрсетуге өткел белгі беру жүйесін ауыстыру туралы сөз болды.

Сонымен қатар темір жол автоматикасы мен механикасы жүйесін жергіліктендіру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндіктері қарастырылды.

Бұған дейін де сәтті жобаларды бірге жасап келе жатқан «Казцентрэлектропровод» кәсіпорнымен жұмыс жалғасын таппақ.

– Қарағанды өңірінде орналасқан кәсіпорынбыз. Біздің ҚТЖ-мен қызметіміз 20 жылдан бері жалғасып келеді. Кеше локализация бойынша 4 жобамызды ұсындық. Соның бәрі қолдау тапты. Міне, бүгін келісімге қол қойдық, – дейді аталған ЖШСтің бас директоры Сергей Ким.

«Zhersu Power» ЖШС қызметкерлері аккумулятор батареяларын дайындаумен айналысады. Локомотив құрастыру зауытына сондай жабдықтарды жеткізу, электровоздар үшін оларды дайындау мәселелері туралы ынтымақтастық жайы сөз етілді. «Zhersu Power» серіктестігі бойынша магистральдық темір жол желісі үшін аккумуляторлық батареялардың жаңа түрлерін енгізуді бағалау туралы шешім қабылданды. Шара шеңберінде электровоз құрастыру зауытында бірнеше тақырыпта оқыту семинарлары да өткізілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен вагон жасауды дамыту мәселелері бойынша отырыс болды. Кеңес жиындары келесі күні жалғасын тауып, темір жол өнімдерін тиімді өндірушілерді қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы бірнеше Келісімге қол қойылды.

Оның бірнешеуі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен арадағы келісімдер. Қалғандары ЭҚЗ және ЛҚЗ кәсіпорындары мен аталған отандық өндірушілер арасында болды. ҚТЖ басшылары алдағы уақытта осы Кеңесте қабылданған шешімдер және соңғы нәтижелермен бөлісу үшін тағы да осындай келелі жиын өткізуді жоспарлап отыр. 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты