Облыстық коэффициент: тиімділігі неде?

Сұхбат
15.07.2022, 08:26
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеуде өңірлік «учаскелік» коэффициенттен «облыстыққа» кезең-кезеңімен көшуді бастады. Осы кезге дейін тарихи қалыптасып кеткен өңірлік коэффициент қолданылып келді. Енді, облыстық коэффицент жұмысшылар жалақысына қалай әсер етеді, тиімділігі неде деген мәселелерге жан-жақты түсінік берейік.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Серік Жеткергенұлы Кеулімжаевтың айтуынша, ұлттық тасымалдаушы жұмысшылардың әл-ауқатын арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударады.  

– Еліміздің ең ірі жұмыс берушісі ретінде, 113 мың адамдық ұжымы бар ҚТЖ үшін басты құндылық қызметкерлер және олардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Бұл ретте еңбекақы төлеу мәселелері компанияның қаржылық жағдайымен тікелей байланысты екенін атап өткім келеді. Еңбекақы төлеу қоры «ҚТЖ» ҰК» АҚ шығыстарының құрылымында шамамен 34% құрап отыр, – деп атап көрсетті Серік Кеулімжаев.  

Компанияның қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылғы 1 шілдеден бастап еңбекақы төлеудегі тарихи қалыптасқан «учаскелік» өңірлік коэффициенттен облыстыққа кезең-кезеңімен көшуді бастады (бұл – бір облыс ішіндегі бірыңғай өңірлік коэффициент). Айта кетейік, өңірлік коэффициент – бұл жұмыс істейтін өңіріне байланысты қызметкердің айлық тарифтік мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициент. Бұл ретте, әрбір «облыстық» коэффициент облыста қолданылатын «учаскелік» өңірлік коэффициенттің ең жоғарғысы ретінде айқындалған. Кезең-кезеңмен ауысады 2022 жылдың 5 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша өндірістік персонал жалақысының деңгейін 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 41% және жалпы еліміз бойынша орташа айлық жалақыға 16% арттыруға мүм- кіндік берген қызметкерлер жалақысын арттыру бойынша бұрын жүргізілген іс-шараларға тоқталайық.  

– Бұл деңгейге бірнеше іс-шара есебінен қол жеткізілгенін атап өткім келеді. Тарқатып айтқанда екі рет: 2021 жылы 1 қаңтардан 10% және 1 шілдеден тағы 10% өсті. Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтік мөлшерлемелердің бір жолғы көтерілуі орын алды – разрядтар тобына байланысты сараланды. Мысалы, 2-ден 9-ға дейінгі разряды барларға 40 мың теңгеге, 10-нан 13-ке дейінгілердікі 35 мыңға, 14- тен 19-ға дейін разрядтағылардікі 30 мыңға белгіленген өсім жүзеге асты. Ал 20-дан 22-ге дейін разряды бар қызметкерлерге жалақы көтерілмеді. Нәтижесінде, ең аз разрядтары бар жұмысшылар үшін пайыздық мөлшерлемеде жалақының ең көп өсімі болды. Осы мақсаттарға компания 2021 жылы шамамен 63 млрд теңге және 2022 жылы 70 млрд теңге бағыттады. Жалақыны көтеруді қаржыландыру көзі ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен екенін атап өткім келеді, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы. 

Айта кету керек, негізгі өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысы 2013 жылдан бері айтарлықтай өскен жоқ. 

Қазір «облыстық» коэффициентке бір мезгілде көшу үшін 22 млрд теңгеден астам қосымша еңбекақы төлеу қоры қажет. Өкінішке қарай, ағымдағы жылы компания шамамен 35,4 млрд теңге мөлшерінде шығын көреді деп күтілуде. Компанияда облыстық коэффицентке біржола ауысу үшін жеткілікті қаражат жоқ болғандықтан, 6 ай аралықпен және 2024 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей аяқтай отырып, «облыстық» коэффициентке кезең-кезеңімен көшуді бастау туралы шешім қабылданды. 

Теміржолшылар жалақысы қаншаға өседі? 

– «Облыстық» коэффициентке көшудің мәні түсінікті болуы үшін, ең алдымен, «учаскелік» коэффициент облыстарға емес, теміржол учаскелеріне, станцияларға, басып озу пункттеріне байланғанын атап өткім келеді. Еліміздің жекелеген өңірлерінде олардың саны бір облыста төртке дейін жетеді. Сондықтан «учаскелік» коэффициенттен «облыстыққа» көшу бір облыс ішінде бірыңғай өңірлік коэффициентті қамтамасыз етеді. Бұл қызметкерлердің бірдей лауазымдары бойынша жалақы деңгейіндегі айырмашылықты болдырмайды, – деп атап өтті ол.  

Бір облыс ішіндегі өңірлік коэффициент кезең-кезеңімен облыстың ең жоғары қолданыстағы «учаскелік» коэффициент деңгейіне дейін артады. Түсінікті болу үшін Қарағанды облысы бойынша «облыстық» коэффициентке көшуді қарастырайық. Осы облыста бүгінгі күні екі «учаскелік» коэффициент: 1,15; 1,25 қолданылады. Бірыңғай «облыстық» коэффициентке көшудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін Қарағанды облысының барлық аумағы бойынша қолданыстағы ең жоғары 1,25 коэффициенті белгіленетін болады.

«Облыстық» коэффициентке көшу барлық қызметкерлер үшін бірыңғай базалық тарифтік ставканы белгілеуге және қолданыстағы «учаскелік» коэффициенттің деңгейіне байланысты қызметкерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Тиісінше, ең аз қолданыстағы «учаскелік» коэффициент қолданылған облыс учаскелерінде жалақының едәуір өсімі болады. Облыстық коэффициентке көшу – компанияның қаржылық мүмкіндіктері болған жағдайда жүзеге асырылатын, инфляция коэффициентіне тарифтік мөлшерлемелерді жыл сайынғы индекстеуден бөлек жүзеге асырылатын болады, – деді Серік Кеулімжаев.  

Бұл ұзақ және қиын жол болды «Облыстық» коэффициентке көшу туралы кешенді және жауапты шешім қабылдау үшін компания уәкілетті органдармен бірлескен комиссия құрды. Оның құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, сондай-ақ Орталық, өңірлік кәсіподақтар мен жұмыс ұжымдарының өкілдері кірді.  

– Жоғарыда атап өткенімдей, комиссияда ағымдағы жылы компания шамамен 35 млрд теңге мөлшерінде шығын көретіндігі көлденең тартылды. Шығын бірнеше себептерге: ҚТЖ жүк айналымына теріс әсер ететін әлемдегі геосаяси жағдайға; материалдар бағасының айтарлықтай өсіп кетуіне; 2021 мен 2022 жылдарғы жалақы өсіміне байланысты. Бұл ретте, «облыстық» коэффициентке бір мезгілде көшу үшін 22 млрд теңгеден астам қосымша еңбекақы төлеу қоры қажет, – деп бөлісті ол.  

Қосымша ақылар мен үстем-ақылар мөлшері Облыстық коэффицентке кезең-кезеңмен көшу ағымдағы жылдың 1 шілдесінен басталады, сондықтан шілде айындағы жалақы бірінші кезеңнің «облыстық» коэффициентін ескере отырып есептеледі. Қосымша ақылар мен үстемақылар бірыңғай базалық тарифтік ставкасы мен «облыстық» коэффициент негізінде есептелетін тарифтік ставкасына байланысты болады. Осылайша «облыстық» коэффициентке ауысқан кезде қызметкерлердің тарифтік ставка мөлшері ұлғаяды. Тиісінше, қосымша ақылар мен жәрдемақылардың мөлшері пропорционалды түрде артады. Бұл ретте, өзгерістер өңірлердегі еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесіндегі әкімшілік және өндірістік персоналдың қызметкерлеріне қатысты болады. Егер сұрақтар туындаса Түсіндіру жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізу үшін ағымдағы жылдың 11 шілдесінен бастап үш қолдау желісі бар CALL-орталық құрылды. Бірінші желі – жұмыс орны бойынша еңбекақы төлеу мәселелері жөніндегі мамандар. 

Сондай-ақ филиалдар мен еншілес ұйымдардың корпоративтік орталықтары және компанияның орталық аппараты деңгейінде тағы екі қосымша қолдау желісі жұмыс істейді. Бұдан басқа, түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу үшін «облыстық» өңірлік коэффициенттер тақырыбына қатысты қызметкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар жинағы әзірленіп, олармен жұмыс орындарында еңбекақы төлеу мәселелері бойынша мамандар арқылы таныса алады.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты