Шерханның сыныптасы

Сұхбат
30.09.2022, 10:28
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

28 қыркүйек қазақтың классик жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күні. Жамбылдың Жуалысынан шыққан ұлы жазушының 90 жылдығына орай Шерағаның сыныптасы, саналы ғұмырының 40 жылын болат жолға арнаған, Құрметті теміржолшы Әбдуәлі Данаевпен сұхбаттасқан едік.

 Тараз қаласында тұратын тоқсаннан асқан қария әлі тың, газет-журналды көзілдіріксіз оқиды. Мамандығы теміржолшы болса да өмір бойы қаламды серік еткен жазушы-журналист. Сонау Кеңес үкіметі тұсында, 1982 жылы «Жалын» баспасынан «Күнімай» әңгімелер жинағы мен 1992 жылы «Іңкәр шақ» повесі жарық көрген. Одан кейін ұзақ жыл өзі қызмет еткен теміржол колледжінде студенттерге арнап теміржол терминдерін қазақшаға аударып, кітап етіп шығарды. Арагідік қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегіндегі мақалалары да жергілікті БАҚ беттерінде жарияланып тұрады.  

– Әбеке, өткен ғасырдың ортасында Жамбыл атындағы мектеп-интернатта қазақтың біртуар ұлы Шерхан Мұртазамен бірге оқыпсыз. Бала Шерхан қандай еді?  

– Бұл Ұлы Отан соғысы аяқталып, қайта қалпына келтіру жылдарының тұсы еді. Өте қиын кез, экономиканың құлдырап тұрған тұсы. Сол кезде Әулиеатада жетім балаларға арналған тұңғыш қазақ мектебі ашылып, мен Ақбұлымнан келген кезде Шерхандар сонда оқып жүрген екен. Көк базардың желкесіндегі ескі Ташкент көшесіндегі тұйық шарбақ ішінде орналасқан мектепте кілең қара киінген РУ-дың балалары. Бәрімізде «РУ» деген жазуы бар жалтырақ белдік болатын. Шерханмен үш жыл бірге оқыдым. Біздің тағдырымыз да бір еді. Соғыстан кейінгі ауыр жылдары ашқұрсақ жетім балалардың тағдыры белгілі ғой.  

Шерхан өз шығармаларында жазғандай, анау айтқандай бұзық емес еді. Қайта мәмлегер болатын. Біз орналасқан интернаттың қарама-қарсы бетінде орыс училищесі болды. Сондағы ересектеу балалар анда-санда қоқан-лоқы көрсетіп қояды. Ондайда жаға жыртыса кетсең, жылы орныңнан айрыласың. Ол кімге керек? Міне, осындай сәттерде Шерхан араласып, кей ерегістерді бейбіт жолмен шешіп жүрді. Бүгінде мұның барлығы естелік болып қалды ғой.  

– Студенттік жылдары, одан кейін араласып тұрдыңыздар ма?  

– Мектеп бітіретін жылы Шерхан әрқайсымыздың арман-тілегіміз жазылсын деген ниетпен арнайы оқушы дәптерін арнаған еді. Онда бәріміз қолтаңбамызды қалдырдық. Қатар оқыған Шерхан Мәскеу полиграфиялық институтына түсті. Үлкен жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері болды. Мен Ленинградтағы теміржол институтын бітірдім. Өмірімнің көбі болат жолдың бойында өтті. Талас, Луговой, Жаңатас станцияларын басқардым. Жамбыл жол бөлімшесінде пойыздар қауіпсіздігі бөлімін, Алматы жол бөлімшесіне қараған жылдары Жүк пойыздары тасымалы бөлімін басқардым. Құрметті теміржолшымын. Ал Қаратай Тұрысов Мәскеудегі Серго Орджоникидзе атындағы геологиялық-барлау институтын бітіріп, геология саласында ұзақ жыл еңбек етті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мемлекет және қоғам қайраткері. Біз Шерхан, Қаратай үшеуміз жиі араластық. Студенттік жылдары да хат жазып хабарласып, қал-жағдайымызды біліп тұрдық. Бір жолы Шерханнан келген хатта ол «Старик Хоттабычты» қазақ тіліне аударып жатқанын жазғаны есімде.  

Шерхан кейін Алматы мен Астанада қызметте жүргенде елге келсе, «Данаевты табыңдар» деп мені жанына ертіп алатын. Кейін елге біржола оралғанда жиі араласып тұрдық. Ақбілекті «Белоручка» деп еркелетіп отыратын. Облыс орталығындағы талай рухани шараларда төбе көрсетіп, ой-пікірлерімізді айтып жүрдік. Мен 2007 жылы Тараз теміржол колледжіне Шерханды арнайы шақырып, студенттермен кездесу өткіздім.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл