ҚТЖ: мерзімінен бұрын зейнетке шығудың қағидалары мен мүмкіндіктері

Сұхбат
09.12.2019, 12:53
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мерзімінен бұрын зейнетке шығудың жаңа бағдарламасын енгізді. Бағдарламаның шарттары мен мүмкіндіктері туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR жөніндегі басқарушы директор (персоналды басқару жөніндегі директор) Тамила Микулич айтып берді.

– Тамила Борисовна, ҚТЖ жұмыскерлерінің арасынан алдын ала өтемақы төлену арқылы зейнетке кімдер шыға алады?

– ҚТЖ-да Өз еркімен ерте зейнетке шығу бағдарламасы қабылданды. Бұл – зейнет жасына жетуге 5 жыл уақыты қалған компания қызметкерлері тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын мерзімінен бұрын бұза алады және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін өтемақы ала алады дегенді білдіреді. Бағдарламаға өз қалауы бойынша қатысуға болады, бірақ қызметкердің ағымдағы лауазымы немесе еңбекақы төлеу деңгейі бойынша осыған ұқсас лауазым қысқартылады.

– Бұл бағдарлама не үшін қабылданды?

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазір жаңа әдістер мен технологияларды белсенді енгізуде. Мысалы, мобильді диагностикалық кешен (МДК) компанияда 1200ден астам адамды құрайтын ақаутапқыш арба операторларының жұмысын ауыстыруға келді. Оператор бір күнде арбамен тек 7 км жол жүре алады. Ал жолды жоғары сапалы диагностикалауды қамтамасыз ететін МДК вагондары күніне 400 км дейін жүріп өтеді. Осындай алты кешенге ие бола отырып, біз бір ай ішінде екі рет ел магистралінің барлық жолын диагностикалай аламыз. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына дейін ғана біздің алдымызда 130-дан астам ақаутапқыш арба операторының жұмысын оңтайландыру міндеті тұрды. Оның 89-ын біз ҚТЖ-да басқа бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырдық. Бұл қызметкерлер осы компанияда әрі қарай қалуға, қайта оқып және басқа лауазымдарда жұмыс істеуге дайын. Жұмысшылардың көпшілігі жол монтері болып орналасты. Бұл ретте, жол монтерінің жұмысы – зейнет жасына жақындаған адамдар үшін өте қиын физикалық еңбек. Сондықтан өз қалауы бойынша компаниядан кетуге дайын қызметкерлер үшін зейнетке ерте шығу бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламаға сәйкес, егер жұмыскер барлық талаптарға сай келсе, комиссия оң шешім қабылдайды және кепілдік берілген төлемді ала отырып жұмыстан босатылады. Дәл осындай шара ақаутапқыш арба операторларынан басқа пошта корреспонденциясының қызметкерлерімен, автокөлік жүргізушілері және басқалармен жүргізілді.

– Жұмыскер қандай өтемақы ала алады?

– Өтемақы саладағы жұмыс өтіліне байланысты бірден төртке дейін лауазымдық жалақы мөлшерінде еңбек шартын бұзу кезінде біржолғы төлемді қамтиды. Сондай-ақ мөлшері жұмыс өтіліне, ағымдағы жалақыға және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі қалған кезеңге байланысты формула бойынша есептелетін жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері 70 мың теңгеден кем және 200 мың теңгеден артық болмауы тиіс. Біз 130 мың теңге еңбекақысы бар адамға болжамды есептеу жүргіздік. Компанияда 10 жыл жұмыс өтілі болып және зейнеткерлікке 5 жыл қалған жағдайда ғана ай сайынғы сыйақы сомасы шамамен 102 мың теңге болады. Бұл салық салынғанға дейінгі сома, яғни қолына азырақ алады. – «Зейнеткерлікке ерікті түрде ерте шығу бағдарламасын» пайдаланған қызметкер басқа жерде жұмысқа орналаса ала ма? – Бізде бағдарламада жазылған міндетті шарт бар – лауазымы қысқарады және адамның ҚТЖ компаниялар тобына тағы да жұмысқа орналасуға құқығы жоқ. Бірақ «ҚТЖ» компаниясынан тысқары қайда, кім болып істесе де компаниядан төлемді алады.

– Аталмыш бағдарламаны барлығы қанша ҚТЖ жұмыскері пайдалана алады? Бағдарлама кімдерге қатысты: желідегі немесе орталық аппарат жұмыскерлеріне ме?

– Бағдарламаға қатысу туралы ниет қызметкерлердің өздерінен болғандықтан, нақты санды болжау қиын. Бірақ қазір біз бағдарламаға үлкен қызығушылық барын көріп отырмыз. Тек таяудағы 5 жылда компания тобы бойынша зейнеталды жастағылардың саны 20 мың адамға жетеді. Сонымен қатар, ҚТЖ – әлеуметтік бағдарланған компания, біз зейнетке ерікті түрде шыққан кезде оның жақсы өмір сүруі үшін барлық шараларды қолданамыз. Егер оның компанияда қалуға ықыласы болса, біз оны басқа лауазымға жұмысқа орналастыру үшін бәрін жасаймыз. Біз қайта даярлау курстарын өткізіп, басқа мамандық алуға мүмкіндік береміз. Зейнеталды жастағы әрбір қызметкерге біз мәселені шешудің кем дегенде үш нұсқасын ұсынамыз – «Ерікті түрде ерте зейнетке шығу бағдарламасын», қайта даярлау немесе өтемақы төлей отырып жұмыстан босату. Бұл бағдарлама барлығына арналған, желідегі жұмыскер ме не орталық аппарат қызметкері ме, оған тәуелді емес. Тек сіздің лауазымыңыз қысқара ма, жоқ па деген ұсынысқа байланысты.

– Бағдарламаны пайдаланған қызметкерлер кепілді төлемдерді қашан ала бастайды?

– 2020 жылдың қаңтарынан бастап ала бастайды. Осы жерде тағы бір «нюансты» атап өткім келеді. Кейбір қызметкерлер барлық соманы 5 жылға дейін созбай бірден алғысы келеді. Бірақ ҚТЖ үшін бұл үлкен тәуекел, өйткені адам ақша ала алады, оларды бірден жұмсайды және табыссыз қалады. Сондықтан біз қызметкерлерді болашақта осындай күрделі жағдайлардан барынша қорғағымыз келеді және компания бір реттік төлемдерге баратын болса да, тек ерекше жағдайларда ғана және тек мақсатты пайдалану үшін ғана екенін ережелерде қарастырдық. Комиссия қаражатты мақсатты пайдалану үшін шешім қабылдайды, мысалы, емделуге немесе тұрғын үй сатып алуға, тағысын тағы.

– «Ерікті түрде ерте зейнетке шығу бағдарламасы» қатысушылары ҚТЖ зейнеткерлеріне тиесілі жеңілдіктерге үміттене алады ма?

– Әрине. Өйткені, егер зейнеталды жастағы қызметкер Зейнетке ерте шығу бағдарламасының қатысушысы болса, онда «Қазақстан темір жолы» зейнеткері болып тіркеліп, компания ұсынып отырған жеңілдіктерді пайдалана алады.

– Қызықты ақпаратыңыз үшін рахмет!

Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек
Әлемде
22.06.2026
ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жолаушылар тасымалы
20.06.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет құнын есептеудің жаңа жүйесін енгізеді