Транзиттік пойыз миллионыншы контейнерді Қытайдың Сиань қаласынан Алтынкөл станциясына жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz. «KTZE Khorgos Gateway» құрлық портында темір жол көлігі тар жолдан кең жолға ауыстырылғаннан кейін контейнер Ақтау портына, одан әрі Каспий теңізі арқылы Түркияның Мерсин қаласына жөнелтіледі. Контейнерді Сианьнан Мерсинге апаруға 17 күн кетеді. Екі ара - 9 мың шақырым. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап транзиті контейнерлік тасымалдау көлемі 4,5 есе көбейген. Сарапшылар бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады деген болжам жасап отыр. Бұл жетістік теміржолшылардан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты сый болғалы тұр.