Жыл басынан бері жол бойында 25 қайғылы жағдай болды

Жаңалықтар
25.05.2022, 10:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен брифинг теміржол нысандарында азаматтардың өндірістік емес жарақаттануының алдын алу мәселелеріне арналды. Үстіміздегі жылдың төрт айында жылжымалы құрамның адам қағу жағдайларының 25 дерегі тіркелген. Салдарынан 13 адам қаза болып, 12 адам жарақат алған.

Тексеру-тергеу қорытындылары 2 жағдайды суицидке жатқызса, 5 оқиғада зардап шеккендердің ішімдік ішкенін, ал қалғандары адамдардың жолдан өту ережелерін өрескел бұзуы салдарынан болғанын анықтаған. Теміржолшылар оқыс оқиғалар саны көктем мен күзде артатынын, әсіресе, жастар мен балалардың қауіпсіздігі ерекше алаңдатып отырғанын атап өтті. Кейбіреулер асығыстық танытып, жол ережесін бұзу арқылы пойыздың астына түсіп қалып жатса, жастар жағы құлаққаппен музыка әуеніне елтіп, келе жатқан пойыздың шуын да, локомотивтің дабылын да естімей қайғылы жағдайға тап болады. Енді бірі теміржолда селфи жасауға әуестеніп, суретке түсудің қызығына түсіп кетеді. Вагонның үстіне шығып жоғары вольтты токқа түсіп мерт болған жасөспірім аз емес. Мәселен, 2021 жылы темір жолдың электрлендірілген учаскелерінде 14 адам токқа түссе, олардың 9-ы кәмелетке толмағандар, 6 жағдай өліммен аяқталған. Ал биылғы 4 айда компания бойынша 1 электр тогы соғу жарақаты тіркелген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да пойыздар қозғалысы қарқынды 18 учаске анықталып, олар адамдардың жарақаттану жағдайлары жиі тіркелетін нүктелер болып отыр. Бұл Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Семей, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінің станциялары мен аралықтары», – деген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ниязбек Жаңабаев, арнайы нұсқауға сәйкес бұл қауіпті учаскелерде машинистер пойыз жылдамдығын азайта отырып, барынша сақтықпен өтетінін де атап өтті. 

Алайда, пойыздың тежеу қашықтығы, тіпті баяу жылдамдықпен жүргеннің өзінде 800-1000 метрді құрайтындықтан, көп жағдайда қайғылы оқиғалардың алдын алу мүмкін еместігін де жасырмады.

  Халықты теміржолдан өту ережесімен таныстыру үздіксіз жүргізіліп келеді. Теміржолшылар биылдың өзінде 63 мыңнан аса азаматты қамтитын 2,3 мыңнан астам жиын өткізген. Оқу орындарында балалармен, жасөспірімдермен, студенттер- мен де түсіндіру жұмыстары, қауіпсіздік дәрістері жиі ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп 1 мыңнан астам рейд жүргізілсе, 12 ірі вокзалда темір жол арқылы өту ережелері бойынша профилактикалық бейнероликтер көрсетілуде. Жыл сайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ІІД, ҚР ИИДМ және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер» өткізіліп тұрады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров компанияның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне темір жолда белгілен- беген жерден өту мен темір жол СЕРВИС жолағында мал жаю және өзге де бұзушылықтар үшін айып- пұлды ұлғайтуға байланысты өзгерістер енгізуге бастамашы болғанын атап өтті. 

Теміржолшылар адамдар жиі жүретін жерлерде теміржолдың қауіптілігі туралы ескертетін баннерлер орнатып, оларды үнемі жаңартып отырады. Биыл 305 таңба жаңартылған. Сонымен қатар, ҚТЖ күшімен жаяу жүргіншілер үшін жер төсемі салынуда. Соңғы төрт жылда 64 станцияда жарықтандырумен, қауіпсіздік белгілерімен және теміржол арқылы қауіпсіз өту орнымен жабдықталған төсемдері бар жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылған. Теміржолшылар станциялар аумағында арнайы қоршаулар салудан да кенде емес. Алайда ол қоршаулардың зақымдалуы мен ұрлануы, әсіресе Шымкент және Алматы өңірлерінде белең алып отыр. Әкімдіктермен бірлесіп жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол өтпелерінің құрылысы жүргізілуде. Бірақ азаматтар көбінесе белгіленген өткелдерді пайдаланбай, өз өмірлері мен денсаулығын қауіпке тігіп, пойыз жолдарын өздеріне ыңғайлы тұстан кесіп өтуді әдетке айналдырған. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Иван Костыря, мәселені шешудің бір жолы темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін азаматтарға жаза қолдануды қатаңдату және профилактикалық жұмыстарды әлі де күшейте түсу екенін айтады. Атап айтқанда, теміржолды ойын алаңына айналдырып, әлеуметтік желілер мен селфи үшін экстремалды түсірілімдер ұйымдастыратын балалардың ата-аналарын жауапқа тартып, талапты күшейту ұсынылды.

Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті