Жыл қорытындысы бойынша Еңбекті қорғауда үздік техникалық инспектор марапатталады

Жаңалықтар
12.09.2022, 22:28
Оқуға 3 мин
Любовь Подоляк

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің желілік кәсіпорындарында 300 жуық еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор таңдап алынды. Бұл еңбекті қорғау талаптарының бұзылуын уақтылы анықтау және оларды жоюға қол жеткізу міндеттері болып табылатын ұжым өкілдері. Жыл басынан бері техникалық инспекторлар еңбекті қорғау заңнамасының сақталып отыруына 1,6 мыңнан астам тексеру жүргізді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері, өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың функциялары Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіндегі екі күндік өңірлік семинардың негізгі тақырыптары болды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» қоры жариялаған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы аясында жинақталған тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің төрағалығымен өтті. Оған Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Ақмола жол бөлімшелерінің бас инженерлері, кәсіподақ көшбасшылары қатысты. Көкшетау көлік прокуратурасының, көліктегі АЭА, «Аймед» кәсіби дамыту орталығының өкілдері шақырылды.

«Бірлескен күш - жігердің арқасында біз қызметкерлерді осы процеске тарта отырып, еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыра аламыз», - деп атап өтті Б.Котырев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және экология жөніндегі инспекциясының директоры Сұңғат Назыров өңірлік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау нәтижелерін жария етті. Ол жиі қайталанатын ескертулерге назар аударды және тексеруге дайындық парағында қарқынды жұмыс істеуді ұсынды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары – бас инженері Марлен Көкрекбаев теміржолшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға құқығы бар екенін қаперге  салды. Қызметкерлерді қырағылық пен мұқияттылық үшін көтермелейді. Жыл басынан бері 163 теміржолшыға сыйақы берілді. Жарақатсыз жұмыс істегені үшін жеті желілік кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, ауырып қалу қаупінің алдын алуда міндетті медициналық тексеруден өту үшін мамандықтар саны артты.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының төрағасы Ермек Төлегеновтің айтуынша, жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің деңгейі жыл сайын артуы тиіс.

«Жұмыс беруші үшін техникалық инспекторлар шалғай бөлімшелер мен цехтардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тұрғысынан «көзі мен құлағы» болып табылады. Техникалық инспекторлар негізгі жұмыстан босатылмаған, оларды кәсіподақтар сайлайды, бірақ еңбек шарттары жұмыс берушімен жасалады, сондықтан олардың көмегі жұмыс берушілер мен кәсіподақтар үшін бірдей қажет және маңызды», - дейді Е.Төлегенов.

Техникалық инспекторларды ынталандыру үшін кәсіподақ жыл сайын «Үздік инспектор» атағына конкурстар өткізіп, «Кәсіподақ сыйлығының лауреаты» атағы беріледі. Кәсіподақ бастамасы бойынша ұжымдық шартқа техникалық инспекторларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша үш күн беруге қатысты тармақ қосылды.

«ҚТЖ – бұл үлкен дәстүрі бар кәсіпорын, ол өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетуге ықпал ететін барлық шараларды сақтауда», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Жылқайдар Бейсембаев.

 

Семинар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері өткізген шеберлік сыныбымен аяқталды. Онда 2022 жылы болған жарақаттану жағдайларының себептері қарастырылды. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша іскерлік ойын да мазмұнды және нәтижелі болды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды