Отандық өндірушілер мемлекеттік қолдауға зәру

Жаңалықтар
23.09.2022, 08:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Астанада Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы басталды. Оның шеңберінде машина жасау және металл өңдеу бойынша ІІ халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастырылды. Форумға Австрия, Германия, Түркия, Ресей сияқты 20-дан астам елдер мен Қазақстанның бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар, білімғылым саласы, мемлекеттік органдар қызметкерлері және техникалық кәсіп бойынша білім алып жатқан студенттер қатысуда.

«Қазақстан экономикасын дамытуда машинажасаудың рөлі» тақырыбында өткен пленарлық жиынға «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев модераторлық етті. Алғашқы сөзді алған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смаилов қатысушыларға сәлем жолдай отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Ел Президенті бұл форум мемлекет пен бизнес өкілдерінің осы саланы дамытудың тың тәсілдерін табуға жұмылдыратын беделді диалог алаңы екенін атай келіп, елімізде өңдеу өнеркәсібіне және машинажасау ісіне қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасалатынын мәлімдеген. Мемлекет басшысы форум жұмысына сәттілік, қатысушыларға жемісті еңбек тілейді.  

Жиында ТМД, Қытай елдерінде құрастырылатын локомотивтерге қарағанда, атмосфераны ластайтын шығарындылары әлдеқайда төмен және де көптеген локомотивтерден техникалық сипаттамасы бойынша озық тепловоздарды шығаратын Орта Азиядағы бірегей зауыт – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ басшысы Марат Тілеубаев, модератордың ішкісалалық кооперацияны дамытудағы тәжірибесі туралы және теміржол машинажасау саласын ынталандыруға қандай қосымша шаралар қажет деген сауалына егжей-тегжейлі жауап берді.  

Марат Болатұлының айтуынша, бүгінгі күнге дейін ЛҚЗ 440-тан астам локомотив шығарған. 2022 жылға арналған өндірістік жоспар 43 локомотив болса, 8 айда соның 24-і өндірістен шығып, тапсырыс берушілерге жеткізілген. Ал келесі жылға зауыт өндірісті екі есе арттырып, 90 локомотив шығаруды жоспарлап отыр. Акционерлер ЛҚЗ зауытына, қосымша жабдық сатып алуға, жаңа цехтар салуға, қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салыпты.  

– Экспорттық келісімшарттар бойынша біздің жетістігіміз де, тәжірибеміз де бар. Бірқатар теміржол әкімшіліктері 100% біздің өндірістен шыққан локомотивтермен жабдықталған. Біздің локомотивтерді пайдалану тиімділігі мен өнімділігін байқатып, нәтижесінде Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Түркіменстан, Молдова мемлекеттерінің де локомотив паркін жаңартып отыр. Бүгінде зауыт барлық ірі тораптарды, сондай-ақ локомотивтерге арналған 1500 атаудағы шанақ тетік-бөлшектерін дайындайды, – деді ЛҚЗ басшысы.  

Марат Тілеубаев отандық өндірушіге қолайлы жағдай жасау және дамуды ынталандыру үшін үш негізгі іс-шара қабылдауды ұсынды.  

Біріншісі, ЛҚЗ локомотивтерін сатып алу үшін жекеменшік тасымалдаушыларға жеңілдікті несие ұсыну және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер мен лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қажеттігін атап өтті. Екінші, тәуелсіз қабылдау комиссиясын құру керек. Бұл комиссия Қазақстанға импортталатын локомотивтердің сертификаттары болған күнде де, оларды тіркегенге дейін қауіпсіздігі мен сенімділігі бойынша тексеру жүргізулері, яғни, сырттан келетін локомотивтер Қазақстан магистральдарында жүруге рұқсат алу үшін тәуелсіз қабылдау комиссиясының толық тексерісінен өтулері қажет. Үшіншіден, Қазақстан өндірісінің локомотивтерді дайындау және пайдалану бағытындағы көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жекеменшік компанияларын отандық тауарларды сатып алуға бағыттау қажет.  

Жалпы жиынға қатысқан отандық өндірушілер мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенде ғана олардың ісі алға басатынын жеткізді. Ал Үкімет басшысы отандық өндірушілердің түйткілді мәселелерін шешуге ниетті екенін білдірді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты