Арыс және Шымкент деполары локомотив бригадаларының толыққанды демалуына жағдай жасалған

Жаңалықтар
26.09.2023, 10:03

Сарыағаш станциясында екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық ғимарат жөнделді, онда локомотив бригадаларына арналған бес демалыс бөлмесі, тамақ ішуге арналған бөлме және тауар кассасы орналасқан. 

Ғимаратта қасбет жаңартылып, сыртқы қабырғаларды сырлау және сылау (қажет болған жағдайда) жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды. Терезелерді, есіктерді, сантехниканы, су сорғысын, жылу қазандықтарын, жылыту жүйесін ауыстыру жүзеге асырылды. 

Ғимараттың техникалық қабатында кір жуатын бөлмеде плиткаларды ауыстыру, қабырғаларды сырлау және сылау жұмыстары жүргізілді. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар жөнделді. Кассашылар, демалыс бөлмелері бойынша кезекшілер үшін ыңғайлы жұмыс орындары құрылды.

Тәулігіне мұнда 16 локомотив бригадасы - 32 машинист пен машинист көмекшісі сапарлар арасында күш-қуатын қалпына келтіре алады. Мұнда негізінен Арыс және Шымкент депосының теміржолшылары тоқтайды. Олар үшін жарық әрі кең екі орынды демалыс бөлмелері әрқашан дайын. Тамақтану бөлмесінде қажетті ыдыс-аяқ пен ас құралдары, сондай-ақ тұрмыстық техника: пеш, шайнек, тоңазытқыш бар. 

Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ның басты әлеуметтік міндеттерінің бірі. 

Биыл Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Арыс, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе және Шиелі станцияларында локомотив бригадаларының 16 демалыс үйі жөнделді. Тағы 22 демалыс үйін жөндеу барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, кесте бойынша жүргізіледі.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты