Президент «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрлан Сауранбаев:
- ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берді;
- соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалатынын айтты:
- былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна-километрге жеткен;
- транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асқан. Нәтижесінде компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құраған. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.
- Достық – Мойынты, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады:
- бүгінгі таңда 350 шақырымнан астам жол төселген. Аталған жобалардың іске қосылуы мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттырады.
- Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берді. Қытайдың ең ірі логистикалық хабында орналасқан бұл терминал елімізге қарай жүктердің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді және отандық экспорттаушылар үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады;
- әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жаңа шешімдердің енгізілуі теміржолдың өткізу қабілетін ұлғайтуға, отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру маңызды екенін атап өтіп, еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне баса назар аударды.
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды