Алматыда айналма темір жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр (Фото)

Жаңалықтар
21.05.2024, 16:01

Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша ҚТЖ іске асыратын және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызы зор ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. 

Жетіген – Қазыбек бек жаңа тармағы Алматы темір жол торабының жүктемесін 40%-ға азайтады  және жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.

Негізгі жолдардың ұзындығы 73 км. Жаңа бөлек пункттерді, Жетіген және Қазыбек бек станцияларын дамытуды қоса алғанда, теміржолшылар барлығы 123 км рельс-шпал торын төсейді.

Жұмыстар болашақ магистральдың өн бойында жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жер жұмыстары жүргізілуде, олардың жалпы көлемі 6,2 млн текше метрден асады.

Көпірлер салынып, су өткізгіш құбырлар орнатылуда.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ ірі жобаларды іске асыру дирекциясы атап өткендей, жоба техникалық тұрғыда оңай емес. Жердің күрделі рельефіне байланысты кейбір учаскелерде қиғаш су өткізгіштер орнатылады.

Көпір тіректерін салу үшін терең ойықтар жасалуда.

Бүгінгі таңда 6 көпір мен 12 құбыр жұмысы жүріп жатыр.   Құрылыс барысында әр түрлі конфигурациядағы 48 құбыр орнатылып, 13 көпір мен 6 жол өтпесі салынады.

Ірі жасанды құрылыстардың қатарына Қаскелең өзені арқылы өтетін және Алматы – Өскемен автомагистралінің үстінен өтетін көпірлер жатады.

Жаңа теміржол желісінің құрылысына Алматы өңірінің мердігер ұйымдары тартылды. Нысанда 150-ден астам техника (бульдозерлер, экскаваторлар, бульдозерлер, автокрандар, тиегіштер және т.б.) жұмылдырылған, шамамен 350 адам жұмыс істейді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады