2024 жылы өрттің алдын алу шараларына көп көңіл бөлінді

Жаңалықтар
29.01.2025, 10:52
Оқуға 2 мин

2024 жылы компания теміржол объектілері мен жылжымалы құрамды өрттен қорғау бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл жылы теміржол нысандарындағы өрттердің санын азайтудың маңызды кезеңі болды: барлық бөлімшелердің үйлесімді жұмысы және тиімді алдын алу шаралары өрттердің санын 49%, яғни 37-ден 19 жағдайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.  

Персоналдың хабардарлығын арттыру және даярлау үшін өрт-техникалық минимум бойынша 4 мыңнан астам сабақ өткізіліп, оған 17 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ, 28,7 мың қызметкерді қамтыған 8 мыңнан астам нұсқама өткізілді, бұл барлық деңгейдегі қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға ықпал етті.  

Заманауи жабдықтары мен кәсіби мамандары бар ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары өртті жоюда шешуші рөл атқарады. 2024 жылы ҚТЖ МЕӨҚҚ өрт сөндіру пойыздары мен автомашиналары өртті жою үшін 32 шақыруға шықты, оның ішінде ТЖД орман жолақтарында, бөгде объектілерде және жеке секторда өрттерді сөндіруге көмек көрсету үшін 24 рет, өрттерді тиімді сөндіру үшін 1,6 мың тоннадан астам су және 1,5 тонна көбік жеткізді. Олардың тиімділігі мен ұтқырлығы қауіптерді тез жоюға және зиянды азайтуға мүмкіндік береді.  

2024 жылы өрттің алдын алу шараларына көп көңіл бөлінді. Өңірлік деңгейде әкімдіктермен, ТЖД және шаруа қожалықтарымен 233 дөңгелек үстел мен кеңес ұйымдастырылды, бұл өрт қауіпсіздігі саласында жемісті ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ теміржолшылар «Көктем-2024», «Өрт-2024», «Жер-2024» және «Қыс-2024» сияқты ҚР ТЖМ Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына белсенді қатысты. Теміржол нысандарында жедел дайындықты арттыру және бірлескен іс-қимылдарды пысықтау үшін 271 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Ақпараттық жұмыс шеңберінде әкімдіктерге, шаруа қожалықтарына, полиция және ТЖД желілік бөлімдеріне 380 хат жолданды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларына арналған 263 аншлаг пен плакат жарияланды. ҚТЖ өкілдері өрт қауіпті кезеңге дайындық жөніндегі ҚР ТЖМ ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының және қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырыстарын қоса алғанда, өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі түрлі отырыстар мен кеңестерге қатысты.

Компаниядағы объектілердің өртке қарсы жай-күйін бағалау сапасын арттыру үшін теміржол көлігі объектілеріне тексеру жүргізу кезінде тәуекел дәрежесінің критерилерін есептеу әдістемесі әзірленді және бекітілді. Бұл ықтимал қауіптерді дәлірек бағалауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік берді.  

2025 жылы компания өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастырады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті