ҚТЖ: Қаржылық тұрақтылық сақталуда

Жаңалықтар
13.06.2025, 08:41
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің мәселелері талқыланған баспасөз-брифингі өтіп, оған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен басқарушы директорлары қатысты. Жиында Қор қызметінің негізгі мақсаттары, іске асырылып жатқан ірі жобалары, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуі сынды тағысын тағы мәселелер сөз болды.

Қордың басқарма төрағасы өз сөзінде қор қызметі бірінші кезекте активтердің құнын арттыруға, яғни ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қордың жалпы инвестициялық портфелі 53 трлн теңге сомасындағы 130 жобаны құрайды, бес жыл ішінде 27 млрд АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестиция тартылған. Қордың қолдауымен 2023 жылдан бері 25 ірі жоба іске асырылса, олардың қатарында ҚТЖ компаниясына тиесілі Қытайдың Сиань қаласында салынған жүк терминалы, Ақтау порты базасындағы контейнерлік хабтың бірінші кезегі, сондай-ақ, күні кеше ғана берілген Алматыдағы Zhetysu логистикалық кешені жобалары бар.  

«Бұл жобаларды іске асыру арқылы жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және қазақстандық маршруттардың тар тымдылығын арттыруға, сондай-ақ, елдің транзиттік әлеуетін жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Осылайша, Қазақстанның Орталық Азиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі рөлі күшейе түсті» деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.  

Сонымен қатар жиында биыл аяқталуы жоспарланып отырған «Достық-Мойынты теміржол желісіндегі екінші жол құрылысы» жобасы бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге немесе тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін арттыратыны, ал жыл соңында қолданысқа берілгелі отырған Алматыдағы айналма теміржол желісі еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайтумен қатар Алматы теміржол торабының жүктемесін 40%-ға жеңілдететіні сөз болды. Ал 2026 жыл еншісіне қалып отырған 152 км «Дарбаза – Мақтаарал» және 366 км құрайтын «Мойынты – Қызылжар» теміржол желілерінің құрылысы да транзиттік жүк тасымалында ерекше сипатқа ие болатыны айтылды.  

Қорға қарасты компаниялар тобы бойынша іске асырылып жатқан жобалар, басқа да маңызды мәселелер талқыланған брифингте журналистер сауалдарына да кезек берілді. Қазақстан темір жолына қатысты: «ҚТЖ-ның табысынан қарызы басым деседі, егер бұл рас болса, қарыз мөлшері қандай және оған не себеп?» деген журналист сауалына, «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры әрі ҚТЖ Директорлар кеңесінің төрағасы Айдар Рысқұлов жауап беріп: «Соңғы төрт жылда ҚТЖ көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. 2020 жылдан бастап қаржылық көрсеткіштер өсімі артты. Мысалы, 2024 жылдың жұмыс қорытындысын 2023 жылмен салыстырсақ, кіріс 84 %-ға өсіп, таза табыс 9 есе артқан. Компания несиелерін уақытында төлеп отыр. Қазіргі таңда ҚТЖ-ның борышы 2,7 трлн теңге, бұл қаражат жылжымалы құрамды жаңарту және инфрақұрылым салуға жұмсалған. Бүгінде ҚТЖ-ның қаржылық тұрақтылығын халықаралық рейтингтер жоғары бағамен растап отыр», – деді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты