ҚТЖ: Қытайдағы негізгі серіктестермен бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді

Жаңалықтар
10.07.2025, 19:14

Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ делегациясы Бейжіңде өткен Халықаралық темір жолдар одағының (ХТЖО) XII конгресі шеңберінде халықаралық әріптестермен стратегиялық келіссөздерге қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол техникасын өндірудегі әлемдік көшбасшы - CRRC қытайлық корпорация  басшылығымен келіссөздер өтті. Жылжымалы құрамды жеткізуді, инновациялық шешімдерді енгізуді және Қазақстанда өндірісті локализациялау мүмкіндігін қоса алғанда, ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ China Communications Construction Company (CCCC) Директорлар кеңесінің төрағасы Сун Хайлян мырзамен жұмыс кездесуі өтті. Транскаспий бағдарын дамыту шеңберінде Бақты - Аягөз теміржол желісін салуды қоса алғанда, ауқымды көліктік – инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылды кеңейту талқыланды. Логистика мен инфрақұрылымды жаңғыртуды қоса алғанда, бірқатар бағыттар бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Әзірбайжан темір жолдары басшылығымен кездесу өтті. Транскаспий бағытын дамытуға және елдер арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға басты назар аударылды.

Сапардың маңызды нәтижесі ҚТЖ мен Қытай темір жолдары арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Жаңа келісім  алдыңғы 2014 жылы жасалған келісімнің орнын басты және екі елдің көлік кооперациясы саласындағы ағымдағы басымдықтарын көрсетеді.

ҚТЖ делегациясы цифрландыру, автоматтандыру және тұрақты логистика саласындағы заманауи шешімдер ұсынылған технологиялық көрмемен танысты.

ҚТЖ инновацияларды енгізуді және Қазақстанның Еуразияның негізгі транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын нығайту арқылы халықаралық өзара іс-қимылын күшейтуді жалғастыруда.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады