ALT университетінде ҚТЖ басшыларына арналған «Үздіктер алаңы» бағдарламасы басталды

Жаңалықтар
17.09.2025, 09:50

 «М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті»  АҚ-да  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының белгі беру және байланыс дистанцияларының басшылары үшін «Үздіктер алаңы» корпоративтік даму бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқытудың ресми ашылуында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Арман Бубиқанов құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайында біліктілікті үнемі арттыру мен басқару құзыреттерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

ALT университетінің ректоры Меруерт Жармағамбетова университеттің профессор-оқытушылар құрамының түлектердің негізгі жұмыс берушісімен, ҚТЖ тұлғасындағы стратегиялық әріптесімен ынтымақтастығы теміржол саласы үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Бес күндік қанықты бағдарлама бекітіліп, оның шеңберінде 36 белгі беру және байланыс дистанциясы басшылары өздерінің жеке-іскерлік құзыреттерін арттыратын, сапалы келіссөздер мен кері байланыс сырларын айқындайтын, АТ қолданумен жұмыс істеуге машықтанатын, университеттің 4 курс оқушыларымен форсайт сессиясына қатысатын, қонақ дәрістер өткізетін, ағаш отырғызуға қатысатын болады. 

Рекрутинг, еңбекақы төлеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ішкі регламенттер және шұғыл шешуді талап ететін басқа да мәселелер бойынша ашық диалогтар өтетін «кешкі кездесулердің» тиімділігін атап өткен жөн. 

ALT университеттің студенттері Компанияның құрылымы туралы, дуальды оқытудағы жаңа тәсілдер туралы көбірек білуге, белгі беру және байланыс дистанциясындағы жұмыс туралы алғашқы ақпараттарды алуға мүмкіндік алды. 

Компания басшылығы өз қызметкерлерін дамытуға және оқытуға үнемі назар аударады, құзыреттілікті арттыру олардың жеке өсуіне ғана емес, сонымен қатар тиімділігін арттыруға әсер етеді және қауіпсіздіктің бұзылуын азайтуға ықпал етеді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты