Астанада күрделі жөндеуден кейін локомотивтердің техникалық қызмет көрсету пункті ашылды

Жаңалықтар
11.10.2025, 10:00

Астана локомотив пайдалану депосында күрделі жөндеуден өткен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің (ЛТҚҚП) салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

1975 жылы салынған бұл ғимарат толық жаңартылды. Нысанның жалпы аумағы – 2 888 шаршы метр. Жүргізілген жұмыстар еңбек жағдайын айтарлықтай жақсартып, өндірістік қауіпсіздік деңгейін және жылжымалы құрамға қызмет көрсету тиімділігін арттырды.

Жаңарған ғимаратта депо кезекшілері, қызметкерлерге арналған душ бөлмелері, нұсқаушы кабинеттер мен жылдамдық өлшегіш ленталарды талдайтын инженерлердің кеңселері орналасқан.

Бұл пунктте ай сайын шамамен 1 100 локомотивке техникалық қызмет көрсетіледі. Мұнда әкімшілік-басқару персоналын, пайдалану бөлімдерінің қызметкерлерін және слесарьларды қосқанда 110 адам еңбек етеді.

Күрделі жөндеу барысында инженерлік жүйелер жаңартылып, технологиялық жабдықтар модернизацияланды және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайы жасалды. Нәтижесінде локомотивтерге қызмет көрсету сапасы мен тасымалдау процесінің сенімділігі артты.

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты