ҚТЖ-да жасанды интеллект бойынша семинар өтті

Жаңалықтар
28.10.2025, 18:11
Оқуға 1 мин

ҚТЖ инновациялық залында жасанды интеллект және үлкен тілдік модельдер (LLM) саласындағы заманауи жетістіктерге арналған мамандандырылған семинар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, оның орынбасарлары, компания басшылары, филиалдар мен еншілес ұйымдардың, оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ компанияның басқа да өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – теміржол саласында жасанды интеллектті қолданудың перспективалары мен практикалық аспектілерін зерттеу.

Стэнфорд университетінің ғылым докторы, жаһандық білім беруді қайта құру және жасанды интеллект технологиялары бойынша танымал сарапшы Юнес БенсудаМурри лектор ретінде сөз сөйледі. 1,2 миллионнан астам студентке табиғи тілді өңдеу, нейрондық желілер және машиналық оқыту пәндері бойынша оқытқан ол Coursera халықаралық платформасында сабақ береді. Юнес сонымен қатар білім беру саласы үшін жасанды интеллект негізінде инновациялық шешімдер жасайтын LiveTech.AI компаниясын басқарады. 22 жасында ол Стэнфорд университетінің информатика бойынша ең жас оқытушыларының бірі болды.  

Қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын, өндірістік процестерді жеделдету мен ұйымдардың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды технологиялар мен құралдар ұсынылды.

Сонымен қатар, семинарда көлік логистикасын жетілдіруге, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, кідірістер санын азайтуға және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып маршруттарды оңтайландыруға бағытталған инновациялық тәсілдер қарастырылды.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті