ҚТЖ қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда

Жаңалықтар
06.01.2026, 13:40

2025 жылы Санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Астана электрмен жабдықтау дистанциясының әкімшілік-тұрмыстық корпусына ағымдағы жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Әкімшілік және тұрмыстық объектілерді ресімдеу стандарттарына толық сәйкес келтірілген ғимараттың қасбеті жаңартылды. Іргелес аумақ абаттандырылып, ішкі үй-жайлар қайта жаңартылды, жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасын құруға мүмкіндік берген сыртқы сумен жабдықтау және кәріз желілері ауыстырылды. 

Дистанцияның 90 жылдығына орай демалыс аймағы бар жаңа аллея ашылды: ағаштар отырғызылып, қызметкерлер мен қонақтар үшін жайлы кеңістік құрылды.

Осы іс-шараларды іске асыру жайлылықтың, функционалдылықтың және корпоративтік стильдің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ете отырып, ұжым үшін лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізіліп, 15 нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда Арқа, Есіл, Отар, Бейнеу, Матай, Атбасар, Достық, Ганюшкино, Қызылжар, Ағадыр, Атырау, Сағыз және Орал станцияларында орналасқан локомотив бригадаларының 13 демалыс үйінде жұмыстар орындалды.

Бұдан басқа, Астана станциясының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктіне (ЛТҚП) және Есіл станциясының депо кеңсесінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС тарихында алғаш рет Қарағанды-Сұрыптау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің заманауи технологиялық ғимаратының құрылысы жүзеге асырылуда. Жаңа объект өндірістік инфрақұрылымның маңызды элементіне айналады және Қазақстан өңірлері арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ете отырып, локомотив паркіне қызмет көрсету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тобыл станциясының тепловоз депосының ғимараттарында, ТО-2 және ТО-3 цехтарында, сондай-ақ Көкшетау станциясындағы қызметтік-тұрмыстық үй-жайларда (әкімшілік-тұрмыстық корпус және локомотив бригадаларының демалыс үйі) және Қандыағаш станциясының локомотив бригадаларының демалыс үйінде күрделі жөндеу жұмыстары бір мезгілде жалғасуда.

2025 жылғы бюджет шеңберінде ағымдағы жөндеу 18 ғимарат пен құрылыста орындалды. 2026 жылға арналған күрделі салымдар жоспарында 34 объектіде күрделі жөндеу және 26 объектіде ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген.

Осы жобаларды іске асыру санитарлық-тұрмыстық және өндірістік жағдайларды едәуір жақсартуға, еңбекті қорғау деңгейін арттыруға, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдау процесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты