Түрксіб станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы жылдың ақпан айында көлік полицейлері Меркі ауданының теміржол торабы аумағында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Жамбыл облысының 33 және 53 жастағы екі тұрғыны анықтап, ұстады. Тексеру барысында олардан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар салынған пакеттер табылды.

Тәркіленген зат – жалпы салмағы шамамен 3,5 кг марихуана болып шықты.

Ұсталғандар есірткі заттарын заңсыз жинап, жеке пайдалану үшін сақтағанын мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізідді.

Сот оларды аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп танып, әрқайсына 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Көлік полицейлері заңсыз есірткі айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.