ҚТЖ Басқарма төрағасы елдің транзиттік әлеуетін арттыратын стратегиялық теміржол жобаларында болды

Жаңалықтар
05.04.2026, 17:06

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов 5 сәуірде жұмыс сапары барысында еліміздің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі – «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылыс басына барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Мойынты – Қызылжар» темір жолы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) негізгі бөлігі болып табылады. Жобаны іске асыру ТҚТБ (трансқазақстандық теміржол бағдары) мен ТХКБ-ның (орта дәліз) дамуына қуатты серпін береді. Теміржол жобасы Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады. Жаңа желіні іске қосу «Мойынты – Жарық» учаскесінің жүктемесін түсіріп, контейнерлік пойыздар қозғалысы жылдамдығын арттырып, жүк тасымалдау қашықтығын 149 шақырымға қысқартады.

Құрылыстың негізгі кезеңінің бірі болып табылатын жер төсемін жасау жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 14,3 млн текше метр жер төсемі жасалды, бұл жалпы көлемнің шамамен 90% құрайды. Осылайша, болашақ магистральдың негізгі іргетасы қазірдің өзінде қалыптасты. Бұл жолдың жоғарғы құрылымын төсеудің белсенді кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, рельсті шпал торын құрастыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Мойынты станциясы жағынан да, Қызылжар станциясы жағынан да қарсы қарқынмен жүргізілуде.

Инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Су өткізу құрылыстардың дайындығы шамамен 50% құрайды. Сонымен қатар, көпірлердің, өткелдердің және мал айдау орындарының құрылысы жүргізілуде, олардың аяқталуы жолды төсеудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Жобаны іске асыруға 1500 астам маман және 580 астам техника жұмылдырылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес жұмыс жүргізу жоспары мен кестесіне түзетулер енгізілді. Бұл нысандағы құрылыс қарқынын арттыру үшін қажет.

Бұған дейін 25 наурыз күні Талғат Алдыбергенов «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол жобасының құрылыс басына барды. Мәселен, Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» жобасын іске асыру аясында жер төсемін төгу, рельсті шпал торын төсеу, бағыттамалық бұрмаларды орнату, инженерлік құрылыстар мен станцияларды салу және т. б. бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жоба Өзбекстанмен қосымша халықаралық теміржол дәлізін қалыптастыруға, Сарыағаш –Ташкент шамадан тыс жүктелген учаскесінен жүк ағындарын қайта бөлуге, өткізу қабілетін арттыруға және Орталық Азия бағытындағы транзитті кеңейтуге бағытталған. Жобаны іске асыру «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің дамуымен үндестірілген.

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес