Жамбыл облысындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының барысы талқыланды

Жаңалықтар
06.04.2026, 20:24
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ғимаратында вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Жамбыл облысындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Мемсараптама» РМК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.

Кеңес барысында Боранды, Отар, Тараз, Түрксіб және Шу станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жобалары қаралды.

Жұмыс кестелерінің сақталуы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, сондай-ақ реконструкция кезеңінде жолаушыларға қолайлы қызмет көрсету үшін уақытша инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, бағдарламаға енгізілген барлық вокзал кешендерін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға, мердігер және жобалау ұйымдарына жобаларды іске асыру қарқыны мен сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Вокзалдарды реконструкциялау Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол инфрақұрылымының жайлылығы, қауіпсіздігі және қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес