25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда

Жаңалықтар
29.06.2026, 09:13

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарынан 283 құқық бұзушыны түсірді. Оның ішінде 251 азамат алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін, 17 адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және т.б деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осындай кезекті дерек ағымдағы жылдың 23 маусымында тіркелді. Сексеуіл станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері пойыз бастығының актісі негізінде «Алматы – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызынан үш құқық бұзушыны түсірді.

Тексеру барысында 38, 34 және 20 жастағы Атырау және Арыс қалаларының тұрғындары алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Олар өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге жолаушылардың мазасын алған.

Құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Көлік полицейлері жолаушыларға пойыздың қоғамдық орын болып табылатынын еске салады. Сондықтан әрбір азамат белгіленген тәртіп қағидаларын сақтап, айналасындағылардың құқықтары мен тыныштығын құрметтеуі тиіс.

Заң талаптарын сақтау мен өзара сыйластық – барлық жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы сапардың кепілі.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде