ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
2026 жылғы 11 қыркүйекте Петропавл станциясының өрт сөндіру пойызы Қызылжар ауданындағы құрғақ шөптің өртін жоюға Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бөлімшелеріне көмек көрсету үшін бағытталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Петропавл – Жаңатұрмыс аралығындағы өрт туралы хабарлама 21:30-да келіп түсті. Өрт көзі теміржол төсемінен 20-30 метр қашықтықта орналасқан.
14 га алаңдағы өрт жойылды. Оны сөндіруге 153 адам және 51 техника жұмылдырылды.
Теміржол инфрақұрылымына қауіп төнуінің алды алынды. Пойыздардың кешігуі, темір жолдың зақымдануы, СОБ және байланыс құрылғылары, энергиямен жабдықтау объектілері, сондай-ақ зардап шеккендер мен жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.
Өрт себептерін, материалдық залалды және құтқарылған мүлік туралы мәліметтерді комиссия белгілейді.