Астық тасымалы: жетістік пен кемшілік

Жаңалықтар
10.01.2018, 15:19
 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ алға тартқан деректерге сүйенсек,  2017 жылы 8,9 млн тонна астық тиеліп, жоспар алдыңғы жыл межесінен 4,1% асыра орындалыпты. Соның ішінде 3,1 млн тонна астық республика ішіне жөнелтілсе, 5,8 млн тоннасы экспортқа шығарылған.  Ұн тиеліміне келсек, мұнда да ілгерілушіліктің бары байқалады. Мәселен, былтыр ол  3,2 млн тоннаны құрап, 2016 жылға қарағанда 111%-ке жетіп жығылған. 0,8 млн тонна ұн республика ішіне таратылса, 2,4 млн тоннасы сырт елдерге жіберіліпті. Сөйтіп, өткен жылы жалпы астық және тартылған астық өнімдері тиеліміне қатысты көлем 13,5 млн тоннаны немесе   алдыңғы жылға қарағанда 6,3 % өсімді құраған. Бұл жерде астық баламасына қатысты өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 805 мың тоннаны құрап отыр, соның 547 мың тоннасы экспортқа шығарылған. Яғни, 2017 жылдың соңғы екі айында, қарашада 1,1 млн тоннадан, ал желтоқсанда  1,2 млн тоннадан аса тиеліп, көрсеткіш жоғарылай түскен. Сонымен қатар ұн тиелімі қарашадағы 367 мың тоннадан желтоқсанда 550 мың тоннаға дейін өсіпті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков қазақстандық астық пен ұнды өткізу  нарығының дәстүрлі географиясы сақталып қалғанын айтады. Ол әдеттегідей, Орта Азия елдері екен. Мәселен, былтыр Өзбекстанға 2 млн, Тәжікстанға 1 млн астық пен ұн жөнелтілсе, Ауғанстан мен Иран елдерінің әрқайсысына 2 млн тоннадан асқан.  Осы елдер бағытында астық өнімдері тиелімнің де 364 мың тонна мөлшеріне өскені байқалып отыр. Соның ішінде Өзбекстанға  7%-ке,  Иранға 26%-ке, Ауғанстанға 6%-ке өскен. Негізгі өсім қараша-желтоқсан айларында болған. Бұған қоса, Иран бағытында тасымалданатын дәнді дақылдар номенклатурасының құрылымы өзгергенін айтар едік, атап айтқанда, арпа тасымалының көлемі 63%-ке артса, Орталық Азия нарығына бағытталған бидай тасымалының көлемі керісінше, 185 мың тоннаға дейін төмендеп кеткен. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің инфқұрылымы осы бағытта бидай мен ұнның экспорт көлемін 800 мың тонна шамасында өсіру мүмкіндігін шектеп отырғанын атап өткен жөн.  Құрамдар жетіспеушілігі қайдан туындады? «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы, өткен жылы  Ресей мен Украинада астықтың мол өнімінің жиналғанын атап өтті. «Көрші елдерде егіннің бітік шығуы факторлары Қазақстанның көлік және астық нарығына өзіндік әсерін тиігізді. Айталық, Ресейде астық тасымалдаушы вагондарға сұраныс артты, сәйкесінше бұл құрамдарға ставкалар да өсті, нәтижесінде бұрын  Қазақстан нарығында жұмыс істеп келген  шетелдік жекеменшік операторлар, 1500-2000-дей астық тасымалдаушы құрамдар  өз елдеріне қайта оралды» дейді Оралхан Кулаков.   Оның  айтуынша, қараша айында жүк жөнелтушілер тарапынан 2 млн тонна астықты экспорттауға қатысты өтінім келіп түсіпті. Алайда, нақты дерек 782 мың тонна астықты құраған. Ал желтоқсан айында 2,2 млн тонна астықты тасымалдауға өтінім болған. Бұл жолы да нақты факт 800 мың тоннаны құрапты. Өтінімдердің орындалмау себебін «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшысы, астық бағасының нарықта бір тоннасының 34 мың теңгеге дейін түсіп кетуіне байланысты, сатып алушылар тарапынан астық ұсынысының жоғарылауымен түсіндіріп отыр. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас аумақта астықтың бір тоннаға шаққандағы бағасының 30 мың теңгеге дейін түсіп кетуінің салдары, Орталық Азияға 150 мың тонна шамасында астықтың бағытталуына әкелген. Қазақстан станцияларына автокөлікпен тасымалданған астық кейін астық тасымалдаушы құрамдарға тиелген. Алайда, Оралхан Кулаковтың  айтуынша, тасымал көлемінің өсімін қамтамасыз ету вагондардың аз паркімен жүзеге асырылуда екен. Инфрақұрылымдық шектеулер - басты кедергі Оның үстіне, қазақстандық астық пен ұнды тұтынушы – Орталық Азия елдерінің инфрақұрылымдық өткізу мүмкіндігі айына 600 мың тонна астық пен 200 мың тонна ұнды құрап отыр, ал еліміздің жүк жөнелтушілері тарапынан осы бағыттарға жөнелтуге түскен өтінімдері 2 млн тонна астық пен ұнды құрауда екен.  «Негізінен бұл Ауғанстанда жүргізілетін жүк тиеу-түсіру операцияларымен байланысты  болып отыр. Олай дейтініміз, көбінесе, жұмыстар қолмен іске асады. Мәселен, ауғандық Хайратон станциясы әр тәулік сайын жүк жөнелтушілер жіберген 7 мың тонна ұнның 3,5  мың тоннасын түсіруге ғана қауқарлы. Сонымен қатар, Өзбекстанның  әрмен қарай ұнға айналдыру үшін астық қорын жинау және Ауғанстанға экспорттау бойынша жүргізіп отырған саясаты да, нарықта артық ұсынысты туындатып отыр және Орталық  Азияның көлік инфрақұрылымына қысым жасауда. Әрине, біз өз тарапымыздан бәрін жасаудамыз,  десек те, ертеректе айтып өткенімдей, жүк жөнелтушілер өнімді түсіріп, қабылдайтын  станцияларда жүк түсірілімін күту уақытын қысқартуға кепілдік беру мәселелерінде бізбен бірлесе жұмыс істегендері абзал.  Егер қолданыстағы астық құрамдары паркінің айналымын 5 тәулікке қысқартсақ, онда жүк тиелімін 3775 вагон жөнелтіліміне, ал 10 тәулікке азайтсақ, онда 6551 вагон жөнелтіліміне  арттыруға мүмкіндік туар еді. Сәйкесінше, экспортты шығару 100% қамтамасыз етілетін болады» дей келе, «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшысы вагон айналымын төмендетуге қатысты технологиялық шаралар сырттан қосымша парк тартпай, вагондардың жұмыс паркін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтады.  Яғни, жұмыс тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Жаңа жұмыс тәсілдерін енгізу қарастырылмақ Сонымен қатар Оралхан Кулаков  жұмыс тәсілдерін қайта қарастыру қажеттігін алға тартады. Біріншіден, барлық астық жүгін жөнелтушілер споттық операцияларда, яғни астықты қолма-қол ақшаға сатып, дереу жеткізу нарығында  жұмыс істейді, оларға ұзақмерзімді шарттар орнатуға көшкені дұрыс. Екіншіден, Азық-түлік келісімшарт корпорациясын мысалға ала отырып, астық пен ұнды тасымалдауда «KTZ Express» АҚ-мен тікелей шартқа отырғаны ләзім, өйткені, бұл компания жеткізу тізбектерін басқару, логистикалық шешімдер мен соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағдарланып, бейімделген. «Бүгінде үйлестіруші рөлін атқарып отырған Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бірқатар шешім қабылданып, нәтижесінде Азық-түлік корпорациясы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2 млн тоннаға дейін астық сатып алатын болды. Бұл өз кезегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына экспорттық бағытта вектор болуға мүмкіндік береді» деп атап өтті Оралхан Кулаков.  Астық тасымалына қатысты түйткілді мәселелер түйінін тарқату үшін Ұлттық компания тарапынан бірқатар жүйелі шаралар ұсынылуда. Бірінші кезекте  ол, Қазақстан Республикасымен жанасатын аумақтарда вагондар айналымының орындалуына қатысты жүк жөнелтушілерге шараны қатаңдату болса, екіншісі, 15 мың теңгені құрайтын нарық бағасы бойынша қосымша 2000 вагон паркін тарту, ол өз кезегінде қолданыстағы астық тасымалдаушы вагондар паркін 11 мың бірлікке дейін ұлғайта түспек. Алайда, Орталық Азия елдеріндегі инфрақұрылым бойынша қазіргі кедергілер «дөңгелек үстіндегі қоймалардың» қалыптасуына әкелуі ғажап емес. Еліміздің экспорттық әлеуетін көтеру және жүк айналымын ұлғайту үшін қаралып отырған тағы бір шара ол, Ауғанстан аумағында А дәрежесіндегі терминал салу. Ол жыл бойы ұн тасымалын бірқалыпты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, әсіресе, бұл мәселе жазғы маусымда өзекті бола түспек.   Инфрақұрылымдық шектеулерге қатысты мәселелер Ақтау портында да шешім табуда, мұнда астық тасымалы үшін маусымдық мультимодальды кешен  ұйымдастырылып келеді.  Бұл сервис тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығын, яғни өндірушілер, элеваторлар, вагондар операторлары, трейдерлер, брокерлер және басқаларын бірыңғай тізбекте шоғырландырып отыр.  Қазақстан темір жолы мәселенің шешімін астық пен ұнның контейнерлік тасымалын әрмен қарай дамытудан көріп отыр. Мәселен, үстіміздегі жылы 8 мың тоннадан астам астық жүгі контейнерлерде тасымалданған болатын. Ал үстіміздегі жылы «ҚТЖ» ҰК»АҚ 5 мың контейнерді сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сарыағаш – Келес мемлекетаралық өткелінде қосымша үш жол салу бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Ол тәулік сайын 100 мың тонна жүктің өткізілімін қамтамасыз ететін болады.

Сұлугүл   БАКЕСОВА

Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді
Аймақтар
27.04.2026
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті