Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы

Қауіпсіздік
28.04.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Өндірістегі қауіп-қатердің алдын алудың ең маңызды қадамы – қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Өмірі мен денсаулығы қорғалатын, әлеуметтік көңіл күйі тұрақты адам жұмыста сергек жүреді. Өзіне сенімді, жауапкершілікті толық сезіне алады.

Бұл – Қазақстан темір жолының басты ұстанымы. Сондықтан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының басшылығы өндірісте нөлдік жарақат жағдайына қол жеткізу үшін қауіп-қатердің алдын алуға, ең бірінші кезекте теміржолшылардың қауіпсіз ортада еңбек етуіне жағдай жасауға бірінші кезекте басымдық береді.  

– Қай салада болмасын жұмыс істеуге қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру еңбекті қорғаудың ең маңызды қадамы саналады. Басты мақсат – әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Ал қауіпсіздік ережелері мен талаптарын бұлжытпай орындау жұмысшының, әр маманның қызметтік міндеттеріне жатады. Біз филиалға қарасты құрылымдық бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігіне жауапты инженерлерден осыны қатаң қадағалап отыруды талап етеміз. Филиал бойынша былтыр және 2026 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік жарақат алу жағдайлары болған жоқ. Басты мақсат – еңбек қауіпсіздігі әрбір жұмыс процесін айқындайтын іргелі құндылық болып табылатын көшбасшылар қатарына кіру. Сондықтан жұмысшылардың әлеуметтік көңіл күйі, психоэмоционалдық жағдайы тұрақты ортаны қалыптастыруға, өндірістік жарақаттың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтауға ықпал етеді. Осы мақсатта жыл сайын филиалда жауапты инженерлерге тренингтер мен дәрістер өткізіліп тұрады, – дейді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология жөніндегі жетекші инженері Бексұлтан Келіс.  

Айтуынша, өндіріс жағдайында түрлі қауіп-қатердің алдын алу үшін арнайы киім мен аяқ киім, басқа да жабдықтар тозу мерзімі бойынша жаңартылып беріліп, жұмысшыларды дер кезінде толық қамтамасыз етілуі де үнемі назарда. Бұл да қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың бір шарты.  

Еңбекті қорғау мақсатында жоспарға сәйкес ұйымдастырылатын іс-шаралар қатарында әр маманға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрететін техникалық сабақтар да бар. Сондай-ақ филиал басшылығы жыл сайын 28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, кеңейтілген кеңестер, семинар, дөңгелек үстел отырыстарын ұйымдастырып, онда еңбек қауіпсіздігін сақтап, қауіп-қатердің алдын алуда көзге түскен құрылымдық бөлімшелерді марапаттап отырады.  

Сонымен қатар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні тақырыбында плакаттар, аншлагтар орналастыру бойынша кіші конкурстар ұйымдастырылады.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл