Теңіз бен түз тоғысқанда

Жаңалықтар
19.05.2016, 16:10
Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы болып табылатын Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Бүгінде Елбасының тапсырмасымен Каспий жағасында тағы бір порттың іргетасы қалануда. Ол – Құрық порты. Қазақстанның арнайы экономикалық аймағына айналып отырған Ақтау халықаралық теңіз сауда портының негізгі қызметі – түрлі құрғақ жүктер, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шет елдерге шығарады. Маңғыстау өңірінің көлік кешенінің негізі болып табылатын Ақтау порты Қазақстанның көлік инфрақұрылымында ерекше орын алады. Ақтау портының қолданыстағы порт инфрақұрылымын кеңейту, шикізат пен мұнай құю жүктерін экспорттық әлеуетін күшейту және мемлекеттік бюджетке түсірілімдерді көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету бағытында соңғы онжылдықта аса ауқымды жұмыстар атқарылып, қыруар инвестиция тартылды.  Бүгінде «Ақтау теңіз порты» еліміздің  инфрақұрылымдық жобаларының қарқынды дамуына ерекше ықпал етіп отыр. Қазақстандағы арнайы он экономикалық аймақтың біріне енген порт өз әлеуетін жоғары технологиялар мен импорт алмастыру бағытында арттырып жатыр. Оның ішінде портты солтүстік бағытқа қарай кеңейту жұмыстары үздіксіз жүруде. Жуырда Ақтау портында отандық астықты экспортқа шығарудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ ҰК президенті Михаил Ялбачев мәлім етті. Порт басшысының айтуынша, Иранға баратын жол екі тәуліктен тұрады. Ол жақтан Түркістан және Бекет ата кемелері құрылыс материалдары және басқа да құрғақ жүктермен оралады. Қазақстандық су көліктері көрші мемлекетке бір айда үш рет қатынайды.Порт президенті Ялбачев портты солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстары 2016 жылдың І тоқсанында аяқталатынын айтты. Кеңейту жұмыстарының нәтижесінде жүк тиеу қарқыны жылына 3 млн тоннаға артпақ. Осылайша, еліміздің теңіз қақпасының жүк тиеп түсіру қуаттылығы 19 млн тоннаға дейін жетіп, транзиттік тасымалдың әлеуеті күшеймек. Елбасының тапсырмасымен бой көтеріп жатқан екінші порт, мұнай құятын жүктерді тасымалдау бағытында жоспарланған жаңа паромдық кешеннің құрылысын үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған болатын. Заманауи паромдық кешенді қажетсіну Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне орай күннен күнге ұлғайып отырған жүк ағындары мен өңірдегі паромдық ауыстырып тиеу қуаттылықтарының тапшылығынан туындаған. Осы орайда, толық әрі жан-жақты талдау жүргізіліп, теңіз инфрақұрылымы үшін оңтайлы екені ескеріліп, Құрық елді мекенінен жаңа паромдық кешен салу қолға алынды. Жалпы Құрық атауының өзі теңіз операцияларының сәтті орындалатындығына орай қойылған екен. Кеме қайырлап қалмайтын өзегі бар, жағалауы терең болғандықтан алып кемелердің өзі жағасына дейін емін еркін жүзіп келіп, зәкірін тастай алатындығы үшін тура осы аумақта осыдан сан ғасыр бұрын сауда кемелері желкен керіп, Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақ жерінде сауда керуендері жүріп өткен. Ғасыр жобаларының санатына енетін Құрық портының құрылысының салынуы, оған апарар Боржақты – Ерсай темір жол желісінің іске асуы – Ұлы Жібек жолының қайтадан жаңғыруы десе де болады. Сарапшы мамандардың пікірінше, Каспий теңізінің жағалауында паромдық кешеннің құрылысын салу Еуропадан Кавказ және Орталық Азия арқылы Қытайға және Қиыр Шығысқа дейін тартылған темір жол мен автомобиль жолдарының тізбегін тұйықтау, Еуропа, Қытай, Кавказ, Қиыр Шығыс елдерінің арасында негізгі транзиттік мемлекет ретінде танылу үшін қажет. Бүгінгі күні Құрық портын салу үшін қызу да қарабалас жұмыс еш тоқтамастан жүріп жатыр. Темір жолдың портқа кірме телімдері төсеу үшін, жер қабатын жарып, топырақ шығару жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ, порт аумағына жылына 23-32 млн тоннаға дейін жобалық қуаты бар мамандандырылған мұнай құятын терминал құрылысы да жоспарланып отыр.

Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ,

Маңғыстау

 
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты