Адам өмірінен асқан құндылық жоқ

Жаңалықтар
29.04.2019, 10:20

Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін теміржол сияқты алып өндіріс саласында жұмыс істейтін еңбеккерлер айрықша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаевтың төрағалығымен Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне арналған жиын өтті. 

– Магистральдық желі дирекциясы басшылығы және өз атымнан бүгінгі жиынға қатысушыларды Дүниежүзілік еңбек қорғау күнімен құттықтай отырып, филиал қызметкерлерін қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етіп, еңбек қорғау мәселелерімен айналысып жүрген мамандар мен басшылыққа алғысымды білдіргім келеді. 

Кәсіби қызметтеріңізге жемісті еңбек тілеп, дендеріңізге саулық, отбасы амандығын тілеймін, – деді кіріспе сөзінде бас инженер. 

Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан магистральдық желі инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде, сала еңбеккерлерінің денсаулығы мен өмірін, еңбегін қорғауға қомақты қаржы бөлініп келеді екен. Әсіресе, соңғы он жылда жұмыс орындарында едәуір технологиялық өзгерістер болғаны белгілі. Соның арқасында бірқатар өндірістік қатерлер төмендеп, тіпті кейбірі түбегейлі жойылған. Десек те, жаңа технологиялардың да жаңа өндірістік қауіптер тудырып отырғанын ескеру керек. Сол себепті өндірісте болып жататын бақытсыз оқиғалар саны әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. 

– Бүгінде еңбеккерлер үшін жаңа, едәуір заманауи және қауіпсіз технологиялардың енгізіліп отырғанына қарамастан, біздің филиалдарда адамдарымызды жоғалтып алу жайттары әлі де болып жатады. Мәселен, 2000-2019 жылдар аралығындағы дерекке сүйенсек, Дирекция филиалдарында өндірісте 34 адам қайтыс болса, 57 адамның денсаулығына нұқсан келіп, мүгедек болып қалды, – дей келіп, Қайырбай Орынбаев өндірісте қаза болғандарды еске алуға бір минут үнсіздік жариялады.

Сөз орайы келгенде, өндірісте болған әрбір бақытсыз оқиғаның егжей-тегжейлі тексеріліп, тергелетінін айтар едік. Ал осы бақытсыз оқиғаларды зерттеу сараптамасы, өндірісте адамның қаза болуы кездейсоқтық емес, жапа шегушілердің жұмыс берушілердің жасап отырған қауіпсіз еңбек жағдайына жауапсыздық танытуы, бейқамдығы, салғыртсалақтығының салдары екенін анықтап отыр. 

Бақытсыз оқиғалар адамды жоғалтып алу трагедиясы ғана емес, ол сондай-ақ, салмақты экономикалық шығындарға алғышарт болуда. 

Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология департаментінің жетекшісі Марат Жүнісов, дирекция тарапынан қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын, санитарлықгигиеналық жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылданып, жүйелі түрде жүзеге асырылып жататынынан хабардар етті. Дирекция жыл сайын еңбеккерлердің денсаулығын және өмірін қорғауға, сондай-ақ, еңбек қорғау және қауіпсіздік деңгейін арттыруға 5,5 млрд теңгеден астам қаржы бөліп келеді екен. Нәтижесі де жоқ емес. 2017 жылға қарағанда өткен жылы өндірістік жарақаттану оқиғасын 14-тен 10 бірлікке дейін төмендетуге қол жеткізілген. 

«Жұмыс орындарында қауіп-қатерді төмендету және ҚР Еңбек кодексінің талаптарын орындау бойынша Дирекция қабылдап жатқан шараларға қарамастан өндірістік жарақат алу жайттары жалғасуда. Мысалға, үстіміздегі жылдың үш айын алып қарайтын болсақ, Дирекция филиалдарында өткен жылы 3 оқиға тіркелсе, биыл ол 1 оқиғаға көбейіп отыр. Бақытсыз оқиғаларға әкеліп жатқан себептер Дирекция филиалдарының бәріне ортақ. Жоғарыда айтып өткендей, бірінші кезекте – жапа шегушінің жеке бас қауіпсіздігін сақтамай, қауіпсіздік ережесін және еңбек қорғау талаптарын өрескел бұзуы.

Екіншіден, жұмыс өндірісінің жеткіліксіз деңгейде ұйымдастырылуы. Осыған орай, жалпы Компания бойынша бүгінде еңбек қорғауды басқару жүйесін трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жалғасуда. Ағымдағы жылы Дирекцияда 2019-2022 жылдарға арналған нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша стратегия қабылданып, бекітілді. Сөз реті келгенде, еңбек мәдениетін, жайлылық және қауіпсіздікті сақтау әр адамның өз қолында екенін атап өткім келеді.

«Денсаулық – зор байлық» демекші, адам ең басты байлығы денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жұмыста, әсіресе, теміржол сияқты қауіпті аймақта еңбек ету барысында сақтықты серік етіп, жауапкершілікті жадынан шығармау керек», – деді Марат Жүнісов. 

Маңызды жиында сөз алған Қазпрофтранс «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, жыл сайын әлемде 270 миллионға жуық бақытсыз оқиға және 160 миллион кәсіби сырқат дерегі тіркеліп, соның салдары екі миллионнан астам адам өмірін қиып кететінін атап өтті. 2018 жылы Қазақстан Республикасында 1568 адам өндірістік жарақат алса, соның 300-ге жуығы әйелдерге тиесілі екен. Еліміздің 190-нан астам кәсіпорнында болған бақытсыз оқиға салдарынан 220 адам қаза тапқан. «2019 жыл – Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында 52 мың жас маман жұмыс істейді. Өкініштісі, осы жастардың қазіргі заманғы технологияларды тез игеріп алатынына, креативті ой-қабілет иелері екеніне қарамастан, жарақат алу қаупі деңгейінің жоғары болып отырғаны», – деп сөзін түйіндеді Серік Сәрсекеев.

Жалпы жұмыс беруші де, жұмысшы да еңбек қорғау мәдениеті болмайынша, өндірістік жарақаттың алдын алу қиын екенін түйсіну керек. Жай ғана мысал: мәдениетті есті адам бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда, өз өмірін қауіпке тігіп, жолға шығып, автокөліктер арасынан өтуге талпынбайды ғой.

Яғни, ол жасыл шамның жануын күтіп, жол қозғалысы ережесіне мойынұсынады. Міне, осылайша, қауіпті аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер де өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек, яғни, тайға таңба басқандай жазылып қойған қауіпсіздік техникасының бекітілген ережелерін қатаң сақтауы және үйінде оны күтіп отырған отбасы, бала-шағасы барын естен шығармауы тиіс.

Еңбек қорғау, жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан кезде ғана нөлдік жарақаттану көкжиегі жақындай түсері анық. Жиын соңында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға және қамтамасыз етуге белсене атсалысқан мамандар мен басшыларға Ұлттық компания бас инженері атынан алғыс хаттар табыс етілді. 

Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі