Бағиланың бақыты

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бағила да сегіз бала өрбіген үлкен шыңырақта өсіп-өнген қыз. Жылыой ауданының төрт түлікті төлдеткен Шоқпартоғай ауылында туып өсті.

1982 жылы мектеп бітірген соң өмір бойы малды ауылда қалғысы келмейтінін түсінген кейіпкеріміз бақытын іздеп Мақатқа аттанады. Сол кездегі Гурьев жол бөлімшесінің жүрегі саналатын Мақат станциясына жүк қабылдап-жөнелтуші болып орналасып, саладағы еңбек жолын бастайды. Біраз тәжірибе жинақтаған соң білім қажеттілігін түсінген Бағила Ақтөбе теміржол техникумына құжат тапсырып, 1984 жылдан теміржол көлігін пайдалану факультетіне техник-технолог мамандығы бойынша оқуға түсіп, қиындығынан қызығы мол студенттік кезең басталады. Білім қуған жылдар, сессия, ұмытылмас кездесулер мен әдемі кештер де өте шығып, диплом алады.  

Кәсіби маман ретіндегі еңбек жолын Бекбике станциясында станция кезекшісі болып бастайды. Бекбике шағын станция болғанымен, ол кезде ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жүк және жолаушы пойыздары көп болатын, соларды уақытылы қабылдап, жөнелту – кезекшінің міндеті.  

Станциядан тәулігіне ондаған пойыз өтеді, оның ішінде мұнай өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды тасыған жүк пойыздары да, жергілікті және халықаралық жолаушы пойыздар да бар. Станция кезекшісі осы пойыздардың келіп-кетуін және байланыс, электр, вагон, жол жөндеу жұмыстарының дұрыс болуын да қадағалап отырады. Мұның бәрі оған мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бүгінде станция кезекшісі ретіндегі еңбек өтілі – 23 жыл. 

 

– Темір жолға арнаған жылдарыма ризамын. Жұмыста теміржолшы, үйде үлкен әулеттің келіні болдым. Бала сүйіп, ана атандым. Еңбек бақыты мен отбасы берекесін де бірге көріп келдік. 2010 жылы мемлекеттік бағдарламаға сай ауданның Бекбике, Комсомол, Қошқар ауылдары жабылып, бүкіл тұрғындары Атырау қаласына көшірілді. Сол кезде көппен бірге біз де үдере көштік қой. Бұрынғы жұмыс орнымды қимасам да, қалаға келген соң Атырау станциясына жұмысқа тұрдым. Жаңа орта, жаңа ұжымды жатсынбадым, сол үйреншікті жұмысымды жалғастырдым, – дейді ол.  

Бағила мұнда жүк қабылдап-жөнелтуші болып он жылға жуық уақыт жұмыс істейді. 2020 жылға қарай компанияның әйелдерді ауыр жұмыстан босату бағдарламасына сәйкес станцияға қоймашы болып ауысты.  

– Қоймашы деген жауапты жұмыс. Жұмысшылардың қысқы-жазғы киімі, әлеуметтік құрал-жабдықтары, станцияның бүкіл материалдық базасына жауап беру оңай емес. Бұл жұмысты Бағила апай сынды жауапкершілігі зор адамға сеніп тапсырғанымызға өкінбейміз, – дейді әріптесі туралы станция бастығы Бекжан Жиенбетов.  

1987 жылы Есей атты мұнайшы жігітпен отбасын құрып, Еркін, Нұркен атты екі ұл мен Эльмира, Нұрайым есімді екі қызды дүниеге әкелген Бағила өміріне дән риза. Сүйікті кәсібінде талай жыл тер төгіп еңбектенді, жарасымды отбасын құрып, ұл-қыз көрді, бүгінде олардан немере-жиен сүйіп отыр. Бақыт деген осы емес пе?!  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?