ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Жолаушылар тасымалы
06.03.2026, 09:07
Оқуға 1 мин

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында мерекелік құттықтау акциясы өтіп жатыр. Акция аясында мыңнан астам әйел жолаушыға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Таңертеңнен бастап еліміздің әртүрлі бағыттарында қатынайтын пойыздарда жолсеріктер әйел жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, гүлдер мен шағын сыйлықтар ұсынып келеді. Көптеген жолаушылар үшін мұндай ықылас күтпеген жағымды тосынсыйға айналып, шынайы қуаныш пен алғысқа себеп болуда. Сондай-ақ бірқатар пойыздарда мерекеге орай арнайы тақырыптық безендірулер жасалып, жол үстінде ерекше көктемгі атмосфера қалыптастырылған.

Ұлттық тасымалдаушы мен Kaztechnology компаниясы бірлесіп ұйымдастырған бұл құттықтау акциясы соңғы жылдары жақсы дәстүрге айналды. Оның мақсаты – сапар барысында әйел жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру.

Айта кетейік, жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен шамамен 13 миллион жолаушы сапар шегеді. Олардың жартысынан астамын әйелдер құрайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды