Қазақстан транзиті кімге тиімді?

Жаңалықтар
22.05.2019, 11:39
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада өткен Астана экономикалық форумының екінші күнінде Жаңа Ұлы Жібек жолының дамуы арнайы дөңгелек үстелде сөз болды. «Еуропа мен Азияны жалғастыру жолында: Қазақстанның Жаңа Ұлы Жібек жолының жүрегіндегі рөлі» атты шараға әлем елдерінің көлік және логистика, транзит саласындағы алпауыт компанияларының өкілдері қатысып, бірнеше мемлекеттің мүддесін біріктірген көне де жаңа жолдың болашағы туралы ой толғады.

Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстанның осы көне және ежелгі сауда жолдарының бойындағы негізгі көліктік жүйені құрайтыны оның тартымдылығын одан әрі арттырып отырғаны анық. Жиында Азия мен Еуропаның арасындағы сауда айналымын дамытуда көліктік және логистикалық орталық болу мүмкіндіктері қандай? Оған не кедергі келтіруі мүмкін? Осы тағы басқа сұрақтар төңірегінде қатысушылар кеңінен толғанды. ҚР Премьерминистрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жыл сайын форум аясында осы алаңда қаралатын көптеген мәселелердің ішінде осы Жібек жолының дамуына ерекше мән берілетінін жеткізді.

– Қазақстан үшін бұл өте маңызды жобалардың бірі болып саналады. Біздің еліміз ішкі құрлықтық мемлекет, ашық теңіздерге жолы жоқ, алайда біздің еліміз екі алпауыт елдер, Қытай мен Еуропа елдері нарығының арасында орналасқан. Өзіміздің осы географиялық орналасу ерекшелігіміздің мән-маңызын өте жақсы түсінеміз және осы ғаламат екі нарықтың ара сын байланыстырушы ретінде өз қызметімізді жоғары деңгейде атқаруға тырысамыз. Соңғы 10 жылда біз көліктік инфрақұрылымды инвестициялауға шамамен 30 миллиард АҚШ долларын жұмсадық. Негізінен ол инфрақұрылым Шығыс-Батыс бағытында. Сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудамыз, ол көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға арналған. Соның аясында осы саланы жетілдіруге жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді, – деді Ж.Қасымбек.

Премьер-министрдің орынбасары сондай-ақ бүгінде Қазақстан мен Қытай бірге жүзеге асырып жатқан бағдарламалар туралы да сөз етті. Әр түрлі салаларға бағытталған ондай бірлескен жобалар саны бүгінде 55 екен. Осылайша шын мәнінде Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеу ретінде қалыптасуда. Дәліздің өн бойында жыл сайын ондаған жаңа кәсіпорын пайда болуда. Ұзақ мерзімді перспективада Жібек жолы Қазақстан экономикасының барлық салаларының өсіміне кепіл боларына сенім мол. Жібек жолы дәлізі шеңберіндегі бірлескен бағдарламалар алдағы уақытта Қазақстанның инвестициялық ахуалына да тың серпін берері сөзсіз. Қазақстан бүгінде батыс инвесторлары үшін де қызықты. Өйткені олар Қазақстан арқылы Қытай нарығына, Еуразиялық одақ елдеріне жұмыс істеуге болатынын көріп отыр. Демек, Қазақстан транзиті көп елдер үшін тиімді болмақ.

Азиялық даму банкі вицепрезиденті Чен Шиксин Жібек жолының Қытай мен Қазақстан үшін «Алтын ғасыр» болғанын айта келіп, Жаңа Жібек жолы Орталық Азия елдерін Еуропамен және Африка елдерімен байланыстыруда жаңа мүмкіндіктер беретінін жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов өз баяндамасын слайдтар арқылы түсіндіре отырып, транзиттік ахуалды толық баяндап берді. Ұлттық компанияның стратегиялық әріптестерімен таныстыра келе, оның инвестициялық қызметінен болатын тиімділіктерге тоқталды.

– Тағы бір маңызды нәрсе, қазіргі таңда Қытайдан Еуропа арасындағы транзит мерзімінің біршама қысқартылуы. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын бұл аралықтағы тасымал 40 күн уақытты алса, қазіргі таңда 13-15 күнде транзиттік жүктер жеткізілуде. Транзитті көтеру тек бір елге ғана байланысты емес, транзит бұл – көрші елмен өзара қарым-қатынас нәтижесі. Біздің жағдайда, Ресеймен, Қытаймен, Әзербайжанмен, Грузия, Түркиямен, Иранмен және тағы басқа елдермен қарым-қатынас. Бізге әрбір күн сайын технологияны, жеткізілім мерзімін, тарифтік шарттар туралы жұмыстар жүргізіп отыру керек. Сондықтан транзит бәріміздің күшімізбен ұлғаяды. Бұл ретте ҚТЖ көрші елдердегі әріптестерімен өте белсенді және қарқынды жұмыстар жүргізуде, – деп атап өтті П. Соколов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық дәліздер дамудың үлкен перспективасына ие екенін баса айтты. Ал Қазақстан темір жолы компаниясы өз тарапынан белсенді ынтымақтастықты дамытуға қашан да ашық және компания үшін ел аумағы арқылы өтетін транзиттің мақсат етіп қойған көрсеткіштерге жетуі маңызды болып табылады. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?