Вагондарды жедел басқарудың сындарлы саясаты

Жаңалықтар
28.11.2019, 15:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» компаниясындағы бизнесті трансформациялау бағдарламасына сәйкес кезекті ақпарат күні «Қазтеміртранс» АҚ қызметі мен ондағы оң өзгерістерге арналды. Жиынға ұлттық тасымалдаушы компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, оның корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов қатысты.

«Қазтеміртранс» АҚ бас директоры Дәурен Бимов «ҚТЖ» компаниясы осы жылдың басында олардың алдына – вагондарды жедел басқару бойынша толыққанды компанияға айналу жөнінде мақсат қойғанын жеткізді. –

Сындарлы да салиқалы компания кез келген бір бизнес немесе кәсіпкерлік секілді бәсекеге қабілеттілікті негізге алатынын жақсы білеміз. Ал бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Бұл – сенің ең жақын қарсыласыңнан бір саты жоғары болу деген сөз. Олардан бір қадам алда жүре алмасаң, онда олардың шаңын жұтып қалғаннан басқа амал жоқ. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті болу үшін бар күшімізді салуға тырысудамыз. Бәсекеге қабілеттілік – кең ауқымды ұғым. Біз ойлана келе оны дамыту үшін 3 С стратегиясын ойлап таптық. Біріншісі – жүйелік бизнес, екіншісі – мықты ТОР, үшіншісі – ұйымшыл ұжым. Яғни, біз жай компания емес, жүйелі компания құруымыз керек, бизнес үдерістер нақты жазылуы қажет. Екіншісі бойынша бізде 9 мықты менеджерден тұратын ТОР-менеджмент бар. Бұлар ең алдымен өз ісінің нағыз кәсіби мамандары, ақылды, білімді, адал, шыдамды және жігерлі, қысқасы, өте мықты кадрлардан жасақталуы тиіс деп шештік. Себебі компанияны алға сүйреп, бағыттайтын осы ТОР-менеджерлер. Ал соңғысына келсек, әрине, ауызбіршілігі мықты, ұйымшыл ұжым жұмысы қашан да тиімді әрі жемісті болары анық, – деп бастады сөзін Д.Бимов.

Ол осы үш бағыттағы жұмыстарды дұрыс жолға қойса, компанияның алар асуы биік боларына сендірді. Соның арқасында тиімділік, өнімділік және басқа нәтижелерге өте аз шығынмен жетуге болады деп ой түйеді.

Компания өкілі бүгінгі қоғамда біліктілік бар жерде лайықты жалақы да болатынын айтады. Өйткені қазіргі заман талабы сондай.

«Қазір кім қосымша машықтарды меңгерген, кімнің өзіндік ойы бар, кім білікті, кім белгілі бір мәселені шеше алады – сол көбірек ақша табады. Әрбіріміз білікті бола алсақ, соған сай жалақымызды да көтере аламыз. Осыған орай аталған нәтижеге қол жеткізу үшін компания үш нәрсені жасады, бірінші, штатты оңтайландыру, екінші – грейдерлеу, яғни әр қызметкерге еңбегіне қарай әділ ақы төлеу, үшінші – компанияны табысқа шығару», – дейді Д.Бимов.

Жоғары еңбек өнімділігіне жетуде қызметкерлердің бойынан ниеттестік, ынталылық, кәсібилік қасиеттері болмаса, тіпті соның біреуі болмағанның өзінде оң нәтижеге қол жеткізу қиын.

Аталған жаңа жүйеде 9 рөл болады. Олар – шебер, стратег, прогрессор, тәуекелшіл, қазынашы, сәулетші, жабдықтаушы, перфектор, коммуникатор. Осы рөлдердің әрқайсысына компания қызметкерлері біліктілігіне қарай бөлінген. Д.Бимов «Қазтеміртранс» компаниясының бәсекеге қабілеттілік бойынша артықшылықтарын атағанда, алдымен оның елімізде вагондармен қамтамасыз ету мүмкіндігінің ең жоғары екенін айтты, яғни, қазіргі таңда компания паркінде 50 мың вагон бар. Одан кейінгі орында тұрған мекеменің паркі бар болғаны 10 мың вагонды құрайды.

Екінші артықшылығы – қолжетімді қызмет көрсету кеңселерінің болуы. Бұған дәлел – Жүк тасымалы бойынша 364 тауар кассасының жұмыс істеуі. Ал үшінші артықшылығы – айқын да ашық тариф саясаты. Ал кемшіліктері – компанияда «икемділіктің» төмендігі, бірақ топ-менеджмент соған қарсы шаралар қолданып, бұл кемшілікті игілікке айналдыру жолын табу керек. Екінші кемшілік – парктің біршама ескіруі. Ресурстың 50 пайызы қолданылған. Вагондарды пайдалануда орташа ұзақтық – 17 жыл. Үшінші олқылық – әлеуметтік жүктер бойынша міндеттемелер. Д.Бимов дәл осы кемшіліктер, керісінше, компанияны өсіруге апаратын тетіктер екенін, олармен жұмыс жүргізу арқылы кемшін тұстарды оң нәтижелерге айналдыруға болатынын жеткізді.


Ал негізгі мақсат – вагондарды жедел басқаруда сындарлы да салиқалы компанияға айналудағы ең басты критерий – ол әрине, табысты болу, себебі 50 мың вагон паркпен компанияның шығынға бата беруі дұрыс емес жағдай. Екінші критерий – нарықтағы үлес. Бұл дегеніміз нарықтағы өз үлесін арттыру және оны сақтау. Үшінші критерий – имидж. Таяуда жүргізілген сауалнама нәтижесінде клиенттердің 80 пайызы компания жұмысын жоғары бағалайды. Осы үш талапқа сай болу үшін компания алдына бес бағыт қойып, сол бойынша жұмыс жүргізбек. Атап айтқанда, бұл бағыттар – клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелілік, цифрландыру және тиімділік.

Бүгінде бұл компания вагондарға жүк тиеу үлесін 40 пайызға жеткізді. Нарықтағы үлесі – 50 пайыз, бұл 2018 жылға қарағанда 3 пайызға артық. Тиімділікті арттыруға арналған жобалардың біріншісі – вагондарға сервистік қызмет көрсету. Бұл ретте Д.Бимов бес мәселені көтерді, біріншіден, вагондар өз уақытында жөнделмейді, екіншіден, сапасыз жөнделеді, үшінші мәселе қосалқы бөлшектер сатып алуға қатысты. Ережеге сай үш рет тендер өткізілгенмен, қорытындысында ештеңе алынбайды.

Өндірістік штаттың көбейіп кетуі. Сонымен қатар, қосалқы бөлшектерді есепке алу мен логистикасы. Компания осы бес мәселенің шешімін тауып, оны сервистік келісімшарт деп атады. Бұл батыстық жүйе бойынша жұмыс істейтін тәсіл, яғни, вагондар жұмыс істеп тұрса ғана вагон жөндеушілерге ақысын төлеп, ал егер жұмыс істемесе төленбейді. Ақпарат күні тақырыбына өз бағасын берген Серік Әбденов «ҚТТ» компаниясы өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін егжей-тегжейлі зерттегенін айтты. Ұлттық компанияның директорлар кеңесі осы жағдайға қатты мән беріп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша «Қазақстан темір жолы» компаниясы стратегиясында бес негізгі мақсат көзделіп отыр екен.

– Оның бірнешеуіне тоқтала кетсек. Ең бастысы, компанияны «жасыл» аймаққа алып шығу, бұл – компания қарызына қатысты мәселе. Қарызбен жұмыс ол тек қаржылық салаға қатысты ғана емес, ол сонымен қатар операциялық тиімділікті арттыру, компанияның табыстылығын ұлғайту, шығынды азайтуға байланысты. Сонымен бірге еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі, жалпы тұрақты даму мәселелеріне де қатысты. Осындай үлкен мақсаттарға жетуде жүргізіліп отырған трансформациялау бағдарламасының үш негізгі факторы – адамдар, бизнес үдерістер және технология. Барлық жобалар осы үш факторға оң ықпал ету үшін жүргізіледі, – деді С.Әбденов.


Оның айтуынша, Компания қазіргі ахуалдан оң нәтижелерге жету үшін нақты стратегия құрып отыр, қайда бара жатқанын, қалай жететінін біліп, жоспарлап, болжап отыр. Ақпарат күнінің соңында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бүгінгі күнге жасалған жұмыстардың оң нәтижесі үшін «ҚТТ» АҚ ұжымына ризашылығын білдірді. – Өте күрделі жағдайда жұмысты бастағанымызды білесіздер. Біз өз активтерімізді таратып беріп, шын мәнінде кешеге дейін жедел басқаруды жүргізе алмай келгенбіз. Басқалар басқарып, бізде операциялық машықтар болмаған. Ал біздің ең басты біліктілігіміз осы жүк вагондардан тұратын тасымал үдерісін басқару емес пе? Міне, осы олқылықтың орнын сіздер тез арада толтырдыңыздар. Бұл тиісінше, белгілі бір деңгейде қаржылық оң нәтижелерге қол жеткізуге әкелді. Екіншіден, ІТ бойынша көп нәрсе жасалды. Енді алдағы жоспарларға тоқталсақ, күн тәртібіне шығарып отырған мәселелер мен олардың шешімдері көңілге қонымды. Мәселен, жөндеу процесіне қатысты шешімдер. Вагондардың жұмыс істеген күніне қарай ақы төлеу, бұл вагондардың цехтарда, деполарда тұрып қалуын мейлінше азайтып, көбірек жүруін, жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл жөндеушілердің тиімді жұмыс істеуге деген талпынысын арттырады, – деді компания басшысы.

ҚТЖ жетекшісі өзге де бастамаларға қолдау білдіріп, келесі жылдан бастап Жүк тасымалы, Жолаушылар тасымалы, Магистральдық желі дирекциясы және тағы да басқа филиалдар жұмыстарына қатысты оң тиімділікке әкелетін жаңа процестер туралы жоспарлармен бөлісті. 

Жаңалықтар
02.10.2025
ҚТЖ мен AD Ports Group ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Аймақтар / Бейнелер
02.10.2025
Сексеуіл станциясында өткел ғимараты пайдалануға берілді
Аймақтар
02.10.2025
Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
02.10.2025
Jibek Joly туристік пойызы келесі сапарға дайындалуда
Аймақтар
02.10.2025
Жем локомотив пайдалану депосына – 120 жыл
Жаңалықтар
01.10.2025
ТХКБ үшін жаңа серпін: Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия стратегиялық құжатқа қол қойды
Станция тынысы
01.10.2025
Достық станциясы — Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі көлік торабы
Жаңалықтар
01.10.2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы көлік министрлерінің VIII кездесуі өтті
Әлемде
01.10.2025
Бүгіннен бастап Қытай пойызға қағаз билеттерді қолдануды тоқтатты
Әлеумет
01.10.2025
Бершүгір станциясында теміржолшыларға арналған спорт кешені ашылды
Жаңалықтар
01.10.2025
Экологтарға арналған оқытуда қалдықтарды бөлек жинау мен жаңа кодекс нормалары талқыланды
Жаңалықтар
01.10.2025
New Silk Way: ҚТЖ еуразиялық транзитте стратегиялық көшбасшылықты күшейтуде
Жаңалықтар
30.09.2025
Пойыздан кешіккен бойжеткен машинист кабинасына тас лақтырды
Жаңалықтар
30.09.2025
Алматыда «New SilkWay» бизнес-форумы өтіп жатыр
Жаңалықтар
30.09.2025
Президент: Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарығына 5 теміржол дәлізі өтеді
Жаңалықтар
30.09.2025
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Трансформация
30.09.2025
Локомотив құрастырудың жаңа деңгейі
Жаңалықтар
30.09.2025
«НR-өндіріс серпіні»: Маңызды жобалар алаңы
Қауіпсіздік
30.09.2025
Қараусыз мал мен құлаққаптағы адам – пойыз қозғалысына қауіп
Аймақтар
30.09.2025
Құрылғылар сенімділігі күмән туғызбайды