Өткен жылы ҚТЖ пойыздарымен 13,6 миллион жолаушы тасымалданды

Жолаушылар тасымалы
17.01.2025, 08:58
Оқуға 4 мин
Суреттерді түсірген Сара САХЫНБЕК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2024 жылғы жұмысын қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарымен бөліскен кеңейтілген жиын өткізді. Отырысты акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов ашып, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияның барлық филиалдары басшыларының өткен жылы атқарған жұмысының есебі және осы жылға жоспары тыңдалды.

Алдымен баяндама жасаған «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Айбат Қанғалиев 2023-2024 жылғы қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштеріне тоқталды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған мерзім аралығында жолаушылар тасымалы шаруашылығы кәсіпорындарына жоспарлы, мақсатты, жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. 2024 жылы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 13,6 миллион жолаушы тасымалданды. Ең танымал бағыттар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей болып табылады. Жазғы маусымда тасымал көлемі 4,2 миллион жолаушыны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.  

– «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Вагонсервис» АҚ филиалдарындағы өндірістік персоналмен тәжірибе алмасу бойынша семинарлар, вагондардың негізгі тораптарының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған онкүндіктер мен 5 рет айлық акциялар, жұмыс сапасына бағытталған тексерулер өткізілді. Қозғалыс қауіпсіздігін, қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз етуге, еңбек жағдайын жақсартуға негізделген 6 нормативтік-техникалық құжат әзірленіп, өзектендірілді, – деді баяндамашы.  

Бүгінгі таңда қоғамда 2 171 вагон болса, соның 1 325-і стандартты, 732-сі Тальго, 114-і МВЖҚ вагондар. Вагондардың орташа жылы – 17 жыл. Алдағы жоспарға сай 2025 жылдың соңына дейін отандық өндірістен шыққан МВЖҚ бойынша 12 вагон, «ЗИКСТО» ЖШС 107 вагон, «Штадлерден» 51 вагон жеткізу көзделуде.

Қоғамның бас директорының маркетинг және сервис жөніндегі орынбасары Мұхит Тұрсынбаев былтыр туристік бағытта, елдегі ресми мерекелер қарсаңында жүзеге асырылған жобалар, соның ішінде мейрамға сай безендірілген вагондардың шығуы, жалпы компанияның маркетингтік саясаты туралы баяндады.  

– Жолаушылар арасында «Күту парағы» қызметі үлкен сұранысқа ие болды. Бұл қызмет сатылымда уақытша жоқ билеттерге сұраныс қалдырып, бос орындар пайда болған жағдайда кезек тәртібімен оларды сатып алу мүмкіндігін береді. 2024 жылы 174 мың адам осы қызметті пайдаланды. Сонымен қатар 2024 жылы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 533 мың билет рәсімделді. Компания әрбір азамат үшін ыңғайлы және қолжетімді жағдай жасау мақсатында өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда, – деді спикер.  

Биыл жасанды интеллект арқылы 1 433 колл-орталығы қызметін дамыту көзделуде. Сонымен қатар «Қызылорда-Семей», «Ақтөбе-Атырау», «Атырау-Маңғыстау», «Алматы-Өскемен», «Нұрлы жол-Семей», «Павлодар-Түркістан» пойыздарына «фирмалық» дәрежесін беру жоспарлануда. Қоғамүшін жаңа ІТ жобаларды енгізу, перспективалы инновациялық ІТ технологияларды дамыту қашан да өзекті. Бұл салада биыл жасанды интеллект құралдарын енгізу, жолаушылар пойыздарына бейнекамералар орнату, пойыздарда спутниктік ғаламтор қою, багаж тасымалын автоматтандыру, сату жүйесін дамыту және басқа да жұмыстарды жетілдіру көзделіп отыр. HR мәселелеріне келгенде, компанияда кадр тұрақсыздығы 8 пайызды құраған, 904 бос қызмет орнына конкурс өткізіліп, әңгімелесу нәтижесінде 1 397 адам жұмысқа қабылданған. 3 213 адам біліктілігін арттырса, соның 1 628-і пойыз бригадаларының жұмысшылары. Компанияның әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің көрсеткіші – 64 пайыз болды, жыл бойына 1 054 қызметкер марапатталып, бір реттік төлем алған. Мерейтойлық медальдерге 379 адам ие болған. 2024 жылдың басынан бері компания қызметкерлерінің жалақысы 7 пайызға өсірілген. 1 наурыздан бастап билет кассалары қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесі енгізілген. Одан әрі компанияның «Солтүстік», «Экспресс», «Қала маңы тасымалы», «Батыс», «Оңтүстік» филиалдары мен «Вагонсервис» АҚ басшыларының жұмыс есебін тыңдауға кезек берілді.  

– Жолаушылардың сенімі – біздің ең басты құндылығымыз және біз олардың үмітін ақтап, ыңғайлы әрі сапалы тасымалдау қызметтерін ұсынуға міндеттіміз. Бүгінгі күні пойыз тек тасымал құралы ғана емес, логистика, ойын-сауық, медиасервистер және өзге де көлік түрлерімен біріктірілген кешенді сервистің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, – деп мәлімдеді Әнуар Ахметжанов.  

Ол өзге көлік түрлерімен бәсекеге қабілетті болу үшін жіберген қателіктерді жойып, кемшіліктерден сабақ алып, сервисті жақсартып, барлық мақсат-міндеттер мен жоспарларды жүзеге асыру жолында адал әрі сапалы қызмет атқаруға шақырды.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті