Табыс кілті – жүк түрлерін әртараптандыру
Жолаушылар тасымалы
15.06.2018, 17:18
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауға атылған әр бесінші оқ Шымкенттің Қорғасын зауытынан жөнелтілген деседі. Алып зауыттың өнімін тасымалдау үшін ашылған бекет әлі жұмысын тоқтатқан емес. Әрине, зауыттың баяғы қарқыны жоқ, дегенмен басқа жүктер есебінен жүк айналымы тоқтаған емес.
Соңғы екі жылмен салыстырғанда станция арқылы жүк айналымы 10 пайызға өсіпті. Тиелетін жүктің негізін электр жиынтығын шығаратын зауыттың өнімі, «Атамекен» диірменінің ұны құрайды. Дегенмен, ұн, ағаш, металл сынықтары сынды ұсақ-түйек басқа жүк түрлері де көп. Соңғы жылдары жүк түрлерінің әртараптандырылуы станцияға жақсы табыс беріп тұр.
– Ай сайын 40 вагон жіберілсе, 300-400 вагоннан жүк түсіріледі. Айлық жоспарға сай, бір айда 100 вагон жүк жөнелтсек, соған сай келесі айда күніне 3 вагон жібереміз. 60 вагон жіберсек, күніне 2 вагоннан, 30 вагон жіберілсе күн сайын бір вагоннан жүк тиеймиз. Клиенттердің жүкті көп, кейде аз әкелуіне байланысты жоспар өзгеріп тұрады. Қорғасын, Бадам, Игілік бекетіне бір маневр локомотиві берілген. Екі пойыз құрастырушының бірі күндіз, бірі түнгі ауысымда жұмыс істейді. Үш бекеттің арасы ұзақ. Игілік станциясынан 4 км жерде Оңтүстік аймақтық көліктік логистикалық орталық бар. Көліктік кешен жұмыс істей бастаған екі айдан бері Игіліктегі мамандар аздық етіп, біздің бекеттің екі пойыз құрастырушысы, тауар кассирі, жүк қабылдап-жөнелтуші логистикалық орталықта теміржолдың АСУ ДКР бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр. Жүктерін сақтайтын қойма іздеген клиенттерді сол кешенге жібереміз, орталық жұмысы артқан сайын жүк те көбейіп келеді, – дейді станция бастығы Серғазы Сайрамбаев.
Сәуірде 27 вагонның орына 30 вагон жүк тиелсе, 360 вагонның орнына 464 вагоннан жүк түсірілген. Жалпы, төрт айда жоспардағы 179 вагонның орнына 241 вагонға жүк артылып, меженің орындалуын 134 пайызға өсірген. Вагон айналымы бір тәулікте 17,5 сағатта іске асуы тиіс болса, ол 15,98 сағатта орындалған. Бір жүк операциясы кезінде вагондардың айналымы 16,0 сағаттың орнына 15,2 сағатта орындалған. 1491 жүктің орнына іс барысында 1691 жүк түсіріліп, жоспардың орындалуын 113 пайызға жеткізген.
Биыл «Станция бастығының жылы» болып белгіленуіне орай, бекет басшылары жұмысты ширатқан. Станция бастығы Серғазы Кеңесұлының айтуынша, пойыздың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін әрбір теміржолшы техникалық пайдалану мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің, белгі беру және байланыс нұсқаулығын білу керек. Жылға жасалған жоспар тоқсандықтарға бөлінеді. Әр тоқсандық айға бөлінеді. Солардың тақырыбына сай, ай сайын екі техниалық сабақ өткізіледі. Сабақтан кейін 15 сұрақтан тұратын сынақ алынады. Соның орнына жауап берсе, сынақтан өткені, дайын болмаса, тағы бір жұма дайындалады.
Шымкент жол бөлімшесіндегі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Асанбек Құсайбаев, қауіпсіздік ревизоры Нұрлан Дүйсебаев, оқыту шебері Ғани Мұратбаев, техникалық бөлімнің бастығы Ілияс Нұржановтар күнделікті жоспар жіберіп, қадағалап, ара-арасында өздері сабаққа келіп қатысып, жұмысшыларға білмегенін үйретеді екен. Жұмыс аптасының әр дүйсенбісінде станция бастығы әріптестерін жиып қауіпсіздіктен бастап, келген телеграммалар негізінде жиын өткізеді. Әрі сол күні тиелетін жүк жоспарланады.
Қорғасын станциясында табло микропроцессорлық жүйеде жұмыс істейді. Талапқа сай екі монитор тұр, компьютердің көмегімен бұрмаларды аударып отырады. Қосымша қор ретінде қолмен басқарылатын бұрынғы табло да бар.
Станцияда мамандар тұрақты. 20 жылдан бері станция кезекшісі қызметін атқаратын Равиль Сераевтен жастардың үйренері көп. Пойыз құрастырушы Сапар Жұмабаев, Базарбай Бектұрғановтар да өз ісін жетік меңгерген тәжірибелі теміржолшылар. Барлығы бес станция кезекшісі, жеті пойыз құрастырушысы, жеті жүк қабылдап жөнелтуші, 4 тауар кассирі еңбек етеді.
– Пойыз құрастырушы вагонды ағытып, жалғарда машинистпен, кезекшімен регламентті дұрыс сақтап, вагоннан секіріп түсіп, секіріп мінбей, асығыс вагонның астынан өтпей өз қауіпсіздігін сақтап жүруі қатаң талап етіледі. Жүк қабылдап-жөнелтушілер 5-3 метр алыстан вагонды айналып өтуі керектігі, үш бекетті қамтамасыз ететін пойыз құрастырушылардың демалыс кестесін қатаң сақтап, өз денсаулықтарына көңіл бөлуі қадағаланады. Жалпы, машинистер пайдаланатын салалық зейнетақы пойыз құрастырушыларға да қарастырылса деген өтініш бар, – дейді бекет бастығы.
Динар МЕЙІРМАН, Қорғасын
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Жаңалықтар
27.07.2026
Абай облысында Бақты құрғақ портының құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр