Атырауда жүк тасымалы артқан

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың сегіз айында техникалық жоспарға сай негізгі 12 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалған. Яғни, пайдаланым жүк айналымы 6298,1 млн т-км нетто болып, 101,3% құрады. Жүк тиеу көлемі 6682,7 мың тоннаға жетіп, орындалуы 103,5% көрсетті. Қысқасы, 14 пайдаланым көрсеткіші орындалған. Межеге жетпей қалғаны бір-екі көрсеткіш...

 Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жұмыс вагонының айналымы, жергілікті вагон айналымы, жүк вагонының өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, пойыздың орташа салмағы, жоспарға сай орындалуы аймақта жүк тасымалы көлемінің сегіз айда жоғарылағанын көрсетеді. Сондай-ақ, локомотив жүрісі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы, вагонның бір жүк операциясына тұруы жүзден асыра орындауынан өңірде тасымал тасқыны ойдағыдай екенін байқауға болады.

Ал енді директорлар кеңесі жоспары бойынша қарасақ, пайдаланым жүк айналымы 6298,1млн т-км нетто болып, 101,6% құрады. Жүк тиеу көлемі 6882,7 мың тонна болып, орындалуы 102,4 пайыз болды, сол секілді негізгі басқа көрсеткіштер де жоғары. СД бойынша 14 пайдаланым көрсеткіші орындалған. Межеге жетпей қалғаны – бір техникалық станцияда вагон тұруының орташа ұзақтығы 99,2 пайыз болып, 0,8 пайызға төмендеген. Оның негізгі себебі – тасталған пойыздардың тұру сағатының өсуінен. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, жергілікті вагон айналымының кем болуы вагондардың кеш келіп, жүк түсіру баяу жүргізілгендіктен. Теңдік станциясына бағытталған тасталған бос вагондардың саны өсуінен болған. 8 айда 2843 вагон (35 пойыз) 113047 сағатқа тасталған, олардың орташа тұруы 39,8 сағатты құраған. Оған Теңдік станциясымен қосылатын «РТИ АНПЗ» ЖШС пойыз қабылдау кірме жолдарының бос болмауы, сондайақ Мақат, Құлсары, Сағыз станцияларында транзит вагондардың тұрып қалуы себеп болған.

Техникалық жоспарға сәйкес, жергілікті вагон айналымы 98,9 пайызды құрады. Оның төмендеуіне вагон жүгін баяу түсіру, кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күтіп қалу, жүк түсіретін алқаптың бос болмауы, кедендік рәсімдерді күту, құжат айналымы, келісім-шарт жасақтау сынды себептерден вагон айналымына әсер еткен. Онда «Теңізшевройл», «Шанхай Конструкш» ЖШС, «Стар», «Халелов» ЖК, «ТНС», «Рауан Налко», «Нұржол транс» ЖШС, «Карат» ЖШС жүктері болған. Екінші мәселе – вагондардың орташа тәуліктік жүрісі. Оның төмендеуіне тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, вагондардың жұмыс паркінің артып кетуі, жалпы вагондар жүрісінің вагон-шақырымы кемуі, т.б. себептер әсер еткен. Ал жүк вагондарының өнімділігіне келсек, 7 айда бұл көрсеткіш 100,1 пайыз болған. Тамыз айында пайдаланым жүк айналымының 26,5 млн т-км неттоға кеміген себебі тиелген вагондар жүрісінің кемуі мен жұмыс паркі вагондарының артуы болып, 99,5 пайызды құраған. Қалған жоспар түгел орындалды. Жалпы, өңірдегі тасымал тасқыны жарты жылда жақсы деңгейде келе жатыр. Вагонның статистикалық салмағы 54,24 тн-вагон болып, 101,1 пайызды құрады. Жүк вагонының орташа салмағы 3957 тонна брутто немесе 100,7% құраған.

Айта кетерлігі, бөлімше бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік «Нұрлы-Жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша жол-құрылыс жұмыстарына инертті және құрылыс жүктері аса көп көлемде келіп жатыр. Ондай жүктер Махамбет, Аққыстау, Ганюшкино, Жамансор, Сағыз, т.б. станцияларда арта түскен. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады