Жамбылдық машинист-краншы бірнеше музықалық аспапты меңгерген

ҚТЖ келбеті
25.03.2022, 11:14
Асхат Райқұл

Алмаз Нарбаев – Жамбыл вагон пайдалану депосының тәжірибелі машинист-краншысы. Жамбыл ауданындағы Пригородный ауылында туған жігіттің бойы тұнған өнер.

Бүгінде вагон депосының мақтаулы маманына айналған қырықтың бесеуіне келген жігіттің о бастағы мамандығы тері-жүн технологиясы бойынша мастер екен. Әкесі Өмірбай марқұм кеңес заманында Тараз қаласындағы аты дүрілдеп тұрған тері-жүн комбинатында өмір бойы шебер болған ғой. «Ол кезде қайдан білейік, уақыттың ай секілді төңкеріліп кетерін. Әкем сияқты шебер боламын деп тері-жүн маманының оқуына түскен жоқпын ба?» дейді Алмаз краншы. Оқуын бітіріп, әскерге барып келгенше әкесі дүниеден озады. Әкесінің құрдасы Сәбит мұны жетектеп отырып осы депоға слесарь етіп жұмысқа орналастырады. Бұл 1996 жыл еді.

«Содан бері зымырап ширек ғасыр өте шығыпты ғой. Сол жылдары депода Ержан Дибеев деген шебер болды, кейін зейнет демалысына шығып кетті. Ержан ағамның қамқорлығын көп көрдім, тәжірибесін молынан сіңірдім. Ондай ұстаздар өте сирек бүгінде, жоқ десем де болады. Сол Ерекем «Балам, тілімді алып, ақылымды тыңда. Мен саған жолдама алып берейін, оқып ал» деумен болды. Уәдесінде тұрып, бөлімшеден жолдама алып берді. Солай Тараз теміржол колледжінде екі жыл он ай білім алып, дипломды теміржолшы болып шыға келдім» деп әңгімелейді Алмаз Нарбаев. Кейінірек Қарағанды қаласында біліктілігін жетілдіріп, арнайы сертификат алды.

«Кеңес заманында жұмысшыларға деген көзқарас бөлек еді ғой. Десе де, қазіргі ахуалымыз да жаман деуге келмейді. Күні кеше айлық жалақымыз көтеріліп, қуанып жатырмыз. Мұны еліміздегі қарапайым еңбек адамдарына деген оң көзқарастың қалыптаса бастағаны деп ұқтық. Лайым, жалғасын табар», – дейді кейіпкеріміз.

Алмаз ұжымындағы мамандардың бәрі сайдың тасындай іріктелген кәсіби екенін айтып мақтанды. Мақтанған жоқ-ау, расы солай дейді. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» демей ме? Біздің қырық бірдің (ВЧД-41) жігіттері шетінен кіл мықты. Айтайын, автоматшы Бауыржан Мінберов, слесарь Заманай Романов, бригадир Вахаб Исмайлов, шебер Руслан, дәнекерлеуші Коля, жалпы, мамандарымыздың қай-қайсысы болса да өз істерінің білгірі», – дейді.

Ал Алмаздың өзі домбыраны да, гитараны да, баянды да тарта беретін, қазақтың қоңыр дауысымен әуелетіп ән салатын, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Өнеріне тәнті болып таң қалып, таңдай қақтық. «Ән айтатынымды жазбай-ақ қой, бастықтар жұмыс істемей, ән айтып жүреді екен деп ойлап қалар. Әйтпесе, жұмыстың жөні бөлек, өнердің жөні бөлек қой» деді қоштасарда күліп. Ал біздің ойымыз, Алмаздай өнерлі жігіттер кез келген ұжымның мақтанышы дер едік.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?