Айжарық жолшының арманы

ҚТЖ келбеті
02.08.2022, 13:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Айжарық ағаның балалық шағы туған ауылында, бұрынғы Гурьевтің Боранқұл ауылында өтті.  Мұның алты жасында әкесі қайтыс болып, шиеттей алты баламен қалған анасының жесірлік өмірі басталды. Өмірдің бар ауыртпалығын өз иығына артқан ананың балалары ерте есейіп, бірін бірі жетелеп өсті .   

 Бүгінде Бейнеу жол дистанциясының бөлім бастығы болып еңбек ететін Айжарық Сеңгірбеков екі жылдан соң зейнет жасына жетеді. Жол шаруашылығының жыртығын жамаумен өткен қырық жылғы бейнеті бір күнгідей болмай өте шықты.  Теміржол техникумын бітіріп, қатардағы жолшы болып бастаған жұмысы жемісті болып, жол бапкері, аға жол шебері, бөлім бастығына жалғасты. Бейнеуден Маңғыстауға, Шалқардан Өзбекстанмен шекаралас Оазис станциясына дейінгі жол күтіміне жауапты дистанцияның «отымен кіріп, күлімен шыққан» еңбегі елеусіз қалған емес. Ұжымға сыйлы, тәжірибелі маман «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталып, суреті бөлімшенің Құрмет тақтасынан орын алған.   

– Бейнеу – оңай телім емес. Ауа райы қатал, жазда өте ыстық, қысы суық. Жел суырып тұратын өлкеде жолды жиі топырақ басып, сонымен алысамыз. Екінші тарапта жолға шыққан малмен жағаласасың. Ай артынан ай, жыл артынан жыл, уақыттың қалай өткенін де байқамаймыз. Әрине, бұрыңғымен салыстырғанда қазір жұмыс анағұрлым жеңіл. Техниканың күші бар, оның бәрі адамға көмек. Бірақ біздің жас кезімізде бәрін қолмен атқарып, ауыр жұмысқа әбден пістік. Ол кезде әйел адамдар да көп істейтін, бізбен қатар шпал ауыстырып, ауыр жұмыс істейтін. Қазір ғой, әйел түгіл тепсе темір үзетін жастар қолдарына сүймен ұстағысы келмейді, соған таң қалам, – дейді кейіпкеріміз.

Төрт жаққа тармақталатын жолды аралап, тексеріп, қадағалап, жұмысты үйлестіріп отыру жеңіл емес. Табиғаттың тосын мінезі жиі мазалайтын өлкеде түрлі жағдайлар орын алып тұрады.  Мысалы, 2011 жылдың қысын бейнеуліктер әлі күнге ұмытпайды. Бұрын-соңды болмаған қалың қар жауып, пойыздар жүре алмай қалған. Айжарық ағаБейнеу мен 1,2-бекеттердің арасындағы жолды күндіз-түні қолмен аршып тазартқан жолшылардың жанкешті еңбегін күні бүгінге дейін жастарға жыр қылып айтып отырады. 

– 1988-1989 жылдары Бейнеу-Опорная перегонында жұмыс істедім. Жол жағдайы нашарлап кеткен, күнде рельс сынады. Қақаған қыс айында 99 рельс ауыстырғанымыз есімде. Ол кезде пойыз көп, тәулігіне 25-30 жұп жүреді. Пойызды тоқтатпас үшін түнде де жұмыс істейміз. Суықта қолшамдарымыздың қуаты тез бітіп қалып, кейде ұзын сымға шүберек орап тұтатып алып, соның жарығымен жұмысты жалғастырған кезіміз де болды. Жаспыз ол кезде, соның өзі қызық-тұғын. Бірде 31 желтоқсан күні Жаңа жыл кешінде рельс сынып жатыр деген хабар түсті. Қыз-қырқынға қырындап жүрген жап-жас жігіттерміз. Шырттай киініп алғанбыз. Сол күйі  құрал-саймандарымызды алып жүгіріп кеттік. Рельсті жаңартып, жұмысты бітіргенше 12 болды, сол жақта қар атысып, бір-бірімізді қарға аунатып, жаңа жылды иен айдалада ерекше тойлағанбыз, – деп еске алады кейіпкеріміз.   

    Бұл қыста, ал жазда ше? Бейнеуде жазда күннің температурасы +50 градусқа дейін, кейде одан да көтеріледі. Ондайда бағдаршамдар қызып кетіп, перегон жалған «бос емес» белгі беретін жағдай жиі орын алады. 

– Күннің ыстығы енді, адам төзгісіз, перегон «бос емес» көрсетіп тұр. Не істерімізді білмейміз. Жанымдағы жігіттер, бәріміздің түріміз аянышты еді, аптап ыстықтан түтігіп кеткенбіз. Төбемізде бір шөкім бұлт жоқ, аспан айналып жерге түскендей сағым ойнаған далаға қарап тұрып, «Шіркін-ай, жаңбыр құйып кетсінші» деп армандадық. Құдайдың құдыреті, жарты сағатта алай-дүлей болып, бір кезде жаңбыр шелектеп төкті... Қуанышымызда шек жоқ, жалған жабылып тұрған жолдар ашылып, үсті басымыз малмандай су болып мәз-мейрам болып шулап жаңбырдың астында ұзақ жүрдік, – деп өткен күндерден естелік айтқан Айжарық аға өзгелер үшін тозақ көрінсе де, өзіне жұмақ көрінетін өлкеден ешқайда қоныс аударуды ойламайтынын айтады. 

Өмірлік қосағы Сәния Тасмағамбетова екеуі бір ұл, үш қыз өсірді. Бүгінде ұл ұяда, қызы қияда. Он-он бес немере-жиен бар. Жұмыстан қолы қалт етсе, соларға бау-бақша өсіруді үйретіп, құрғақ жерде жасыл-желек жайқалтып отыр. Арманы да көп емес, ұрпағының амандығын тілейді. Жаңа Қазақстанды құруға талпынып жатқан елінің ертеңі жақсы болса екен деп армандайды бейнеулік жолшы. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды