Бір соққымен вагонның ақауын анықтайтын ерекше «слух» иесі

ҚТЖ келбеті
20.02.2023, 09:20
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Пойызбен келе жатып станцияға тоқтағанда вагондардың дөңгелегін тоқылдатып, тексеріп жүрген адамдарды көрген кезіңіз болған шығар. Вагондардың ақауын тексеретін мұндай мамандардың есту қабілеті ерекше болатынын естуіңіз бар ма? Бүгінгі біздің кейіпкеріміз ерекше есту қабілетінің арқасында пойыздың аман-сау екенін бірден ажырата алатын жан.

Семей жүк тасымалдау бөлімшесі ВЧД-23,  Шар станциясының вагон қараушысы Бауыржан Шымырбаевтың теміржолда еңбек етіп жатқанына 20 жылдан асқан. Өмірі шойын жол бойында өтіп жатқан ол вагондарға қызмет көрсетуді әбден меңгеріп, қазір сақа маманға айналған. Бүгінде ол аға вагон қараушы. Тілдесу барысында ол вагон қараушылар жұмысы жайлы қызықты деректермен бөлісіп, мұндай мамандардың бойында қандай қасиеттер болатынын айтып берді.

«Жүк пойызы болсын, жолаушылар пойызы болсын станцияға келіп тоқтағанда оның ақауы бар-жоғын тексереміз. Бір сөзбен айтқанда вагондарға қызмет көрсетеміз. Қолымызда ұзын темір балғамыз болады, ол ақауды анықтайтын басты құралымыз. Әрбір тоқтаған пойыздың дөңгелегін ұрғылап, тексереміз. Роликті подшипник деген болады, соны ұрамыз. Ол үшін вагон қараушының слухы мықты болу керек, құлағы жақсы естуі қажет. Дөңгелекті бір ұрғаннан оның ақауы бар-жоғын аңғаруың керек. Әйтпесе пойыз көп тұрмайды жүріп кетеді. Егер ұрған кезде күмәнді дыбыс шықса аға вагон қараушыны шақырып, оны ашып тексереді. Дөңгелектің іші бүлінген болса оны ауыстырамыз. Яғни вагонды сол жерде ағытып, дөңгелегін жөндейміз, ол үшін бізге бір сағат уақыт беріледі. Одан бөлек вагондардың жолда бір бөлшектері түсіп қалуы мүмкін, соны да тексеріп, орнына басқасын салып, оның келесі станцияға дейін аман-есен жететіндей етіп шығарамыз», – дейді маман.  

Кейіпкеріміз 23 жылдық жұмыс тәжірибесінде көптеген пойыздың ақауын анықтап, апаттың алдын алған кездері болғанын айтады.

«Қай жылдары екені есімде жоқ, бірде жүк пойызы келді. Шарға кірерде темір жол жылжымалы құрамының жүріс бөлігін диагностикалауға арналған көп функционалды техникалық құралдар кешенінен тексерістен өтті. Пойыз одан ақауы жоқ деп өтіп кетті, дегенмен мен өзім тексеріп жүріп подшипниктерінің шашылғанын тауып алдым. Ол пойыздың жүрісіне қауіп төндіреді. Сондықтан вагонды ағытып, дөңгелегін ауыстырдық. Сол сияқты жолаушылар пойызының да ақауларын тауып, дөңгелектерін ауыстырған жағдайлар көп болды», – дейді ол.  

Шар станциясы пойыз ағыны көп станциялардың бірі. Мұнда қазір үш бағытта пойыз жүреді: Шар-Өскемен, Өскемен-Шар-Семей, Шар-Аягөз-Ақтоғай. Өскеменге тікелей жол ашылғалы станцияда пойыз көп қатынайтын болған.  

Бауыржан он екі сағаттық кезекшілікте он адам түсетінін айтады, өзі аға вагон қараушы болғандықтан қандай сайман, құрал жетіспей жатқанын бақылап, соны жоғары жаққа жеткізіп отырады. Алғаш 1999 жылы вагон шаруашылығында қарапайым слесарь болып бастаған.  Ол кезде Жарма станциясында жұмыс істеген. Бір жыл өткен соң Шар станциясына ауысып, содан бері осы жерде еңбек етіп жатыр екен. Айтуынша, вагон шаруашылығына бала кезден жақын болған. Отбасында атасы осы вагон шаруашылығында жұмыс істеген, сондықтан өзі де жастайынан осы шаруашылыққа араласыпты.

«Атамыз вагон шаруашылығында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, соған қарап менің де қызығушылығым артты. Кейіннен атам өз білгенін бізге үйретіп, осы кәсіпті игеріп кетуіме атсалысты», – дейді Б. Шымырбаев.  

Слух демекші, Бауыржанның дыбыстарды жақсы ажырата білуі әкесінен дарыған екен. Айтуынша, әкесі түрлі музыка аспаптарында ойнап, ән салады.

«Өзім ән айтпасам да, баянда ойнап, гитара шерте аламын. Ондай қабілет әкемізден дарыған, ол кісі қарапайым жұмысшы болғанымен ән айтып, баян, күйсандықта ойнай алады.  Жасы 75-ке келсе де Шәмшінің әндерін баянмен әлі де айтып отырады», – дейді ол.  

Бауыржанның үш баласы бар, тұңғышы Айгерім әке жолын қуып, темір жол саласында қызмет етіп жатыр екен. Қазір Астанада жүк тасымалында шетелдік компаниялармен келісімшарт жасау бойынша менеджер, оған қоса «100 жас есім», «Жас темір» жобаларына қатысқан.  

Кейіпкеріміз сөз арасында темір жол саласында жағдай жыл өткен сайын жақсарып келе жатқанын жеткізді. Бұрын үстеріне киетін форма жағы  жетіспепті, болған күннің өзінде сапасы нашар, ұзаққа шыдамайды екен. Сол себепті бастыққа үнемі форма мәселесі бойынша жүгінетін болған. Қазір жағдай түзелген, сапалы киімдер жеткізіле бастаған. Бұрын форманы үш жылда бір берсе, қазір екі жылда бір беретін болған. Жалақыларын да тұрақты алып отыр екен, оның үстіне алдағы уақытта еңбектері өспек, сол себепті ертеңгі күнге деген сенімі мол.

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп